Телефонымнан блогыма суреттерді қалай жариялаймын?


Кей кезде блогымда суреттерді бірден телефон арқылы жіберетін кездерім бар. Төмендегі суретті телефоннан жіберген едім. Дәл сол сәтте тренингке қатысушыларға да осы жайтты түсіндіріп тұрғанмын. Сонымен телефоныңыздан wordpress.com-дағы блогыңызға сурет жіберу үшін төмендегідей үш бөлімнен тұратын қарапайым қадамдарды орындау керек. Өзім NOKIA6700 телефоны мен Active байланысын қолданатындықтан кеңестерді өз тәжірибем бойынша жазып отырмын.

Блогтың e-mail адресін алу

1. WordPress.com блогыңыздың Құрал-сайман тақтасындағы My Blogs бөлімін ашасыз.

2. Post By E-mail дегеннің астындағы “Enable” дегенді басасыз. Сол кезде @post.wordpress.com деп аяқталатын пошта адресі шығады.

3. Енді телефоныңызды қолға алып, ішіне жаңа контакт қосыңыз. Ол контактінің атын блогыңыздың атымен сақтап қойсаңыз болады. Сосын сол контактіңіздің e-mail адресіне блогыңызда шыққан адресті жазып қойыңыз.

Телефонды интернетке қосу

4. Егер телефоныңыз интернетке қосылмаған болса, телефоныңызға интернет қостырыңыз. (Телефоныңыз интернетке қосылатын мүмкіндігі бар жоғын біліп алыңыз) Active қолданатын болсаңыз, 800 нөміріне All деп жазсаңыз, интернет баптауларын жібереді. Бірер секунд ішінде телефоныңызға біріне соң бірі екі немесе үш SMS келеді. Оны ашып, оқып болған соң, сақтап қойыңыз.
5. SMS келіп, ондағы хатты сақтап қойған соң (яғни жай ғана сақтау дегенді басасыз), телефоныңызды 30 мин өшіре тұрыңыз.
6. Енді телефоныңызды қосыңыз. Интернетке қосылса, GPRS пакет сатып алу үшін 808 деген нөмірге 50 деп жазыңыз. Сол кезде 50 MB жібереді. Бұл шамамен 600 теңге тұрады.

Суретті жіберу

7. Телефоныңызбен қарсы алдыңызда көріп тұрған нәрсені суретке түсіріңіз немесе телефоныңыздағы бір суретті таңдап алыңыз.
8. Таңдап алған суретті SMS арқылы жіберіңіз де, кімге деген жерге 3-пунктте сақтап қойған контактіні көрсетесіз. Яғни, блогыңызды e-mail поштасына жібересіз.
9. Суретіңіз жеткізілді деген хабардан соң, блогыңызды ашып тексеріңіз. Бәрі дұрыс болса, суретіңіздің жарияланғанын айтып, осы жазбаның астына пікір қалдырыңыз🙂

пысы. Егер телефоныңызды интернетке қостыру қиындық тудырса, өз операторыңызға хабарласып, интернет баптауларын жіберсін деп сұраңыз. Суреттердің барлығы MMS ретінде жіберілетіндіктен әртүрлі операторларда оның бағасы әртүрлі. Active-те бұл қызмет қателспесем, 15 теңге тұрады.

2 thoughts on “Телефонымнан блогыма суреттерді қалай жариялаймын?

  1. Мен қоса алмадым. Поштаны дұрыс тердім. Бәрі дұрыс сияқты. Бәлкім, ММС дегенге жеке қосылу керек пе екен? Интернет бар, операмен ашып жүрмін. Бірақ ЖПРС емес қой деймін.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s