Мені аңдығаны несі?


Бәлендей саясат жазбаймын. Әрі жазғандарымның 90%-ы қазақша болса, бұл кісіге менің жазғандырым несімен қызық болды екен? Қазақша түсінетін болғаны ма? Сіздер де біле жүрсін де хабарлап отырмын. Басқа ешқандай ниетім жоқ. Осыдан бірер минут бұрын ғана поштама осындай хат келді.

(ағылшынша мәтіннің аудармасы жобамен былай болады: Алиев Рахат сіздің тиуттердегі оқырманыңыз)

Advertisements

12 thoughts on “Мені аңдығаны несі?

    • “Сенімсізбін” деп жазайын деп тұрдым да “масқара, тура мағынасында түсінсең жаман сөз екені сап ете қалды. Сен де сұрақты қояды екенсің, құрдас!

  1. Аллаға тәуекел ет! Бұл жағдайға бола бас ауыртудың ешқандай қажеті жоқ. “Менің Интернеттегі жазбаларымды Туиттер арқылы әркім оқуы мүмкін” деп те айтсаң болады. Маңыздысы, сенің кімнің туиттерің “аңдып” (follow) болып оқығаныңда. Мысалы мен мына авторлардың жазбаларын оқимын: @NNazarbayev @KarimMassimov @SamrukKazynaPR . Ал, мені кім оқиды оған мән бермеймін, себебі Туиттердің ерекшелігі: мені оқитындарға, жазбаларымды оқымайсың деп шектеу қоя алмаймын. яғни, бан жүйесін таба алмадым. Туитттердегі бан жүйесі ол жазбаларды парольмен оқитындай етіп жасап қою ғана екен. Олай жасап қойсаң оқырмандарға ыңғайсыз. Сондықтан менің ойымша, Туиттердегі жазбалар, олар радиодан таратылған хабар сияқты деп есептеймін.

    Қызықты мағлұмат: Осы Туитттерді бір Ресейлік: http://izgilik.wordpress.com/2011/05/14/президентке-жеке-хат-личное-письмо-п/ ретінде пайдаланыпты.

  2. Асеке, негізі алаңдайтын ештеңе жоқ. Дегенмен, виртуалды мекенге де рейдерлік жасағысы келіп жүрген шығар. Оған шамасы келе қоймас. Бірақ, “бәле-жала” басқа жақтан болып жүрмесін. Білесің ғой, біздің елде адамды “жемқор” немесе “халық жауы” қылып шығару өте оңай. Хотя, азаматтың олай болмауы да мүмкін. Алайда, соңғы сөйлемді Әлиев мыраға қатысты айтты екен демеңіз. Сізге қарата айттым.

  3. Айтпақшы, Асеке Рахат Әлиев мырза бізді де “ұмытпапты”. Демек, бұл оның өзі емес, қылжақбастардың бірі деген сөз. Анығын Алла білер

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s