Видеокаст әзірлеуді енді үйреніп жүрмін. Дайындауға біршама уақыт кетті. Kodak флип камерамен түсіріп, VideoPad-пен өңдедім (жүктеп алуға арналған сілтемесі).
Төмендегі видеодағы оқиғаның өткеніне бірнеше апта болды. Қазақы оюлармен әрленген Құранның қазақшасының шыққанын естіген немесе оқыған боларсың. Сол шарада түсірген кадрларды жинақтап, әзірлегенім.
Аз уақыттың ішіне жеткізгің келген ақпаратты сыйдыру қиын екен. Есіме алғаш рет мақала жазғандағы қателіктерім түсіп отыр. Бір мақала – бір ой деуші еді. 🙂
VideoPod праграмасын қайдан тартып алуға болады.Сондай бірдемені тауып қысқартып салайын десем анадай параграма жоқ 1 минутық жазбаны біздегі иент жылдамдығы 1 ай жарым айланып тұрып жүктейді)))
VideoPad download деп іздеп көрсеңіз табылуы керек.
Әдемі! Құрдас, мадис!
жақсы шыққан,
менің сұрағым, сұхбат алғанда микрофонмен алдыңыз ба? тап осы видеода?
иә, микрофонмен алдым.