Қазақша блогтардың даму қарқыны қандай?


Ескерту: Төмендегі мәліметтердің барлығы тек қана kk.wordpress.com-дағы блогтарға ғана қатысты.

Осы айдан бастап, блогтардың тіркелуі мен олардың жүргізілуін есепке ала отырып, kk.wordpress.com-дағы қазақша блогтардың даму қарқынын есептеуді жөн көрдім. Ол үшін әрбір өткен айдағы тіркелген блогтардың саны + өткен ай мен соңғы айдың арсындағы блог санының айырмасы – жаңаланбаған немесе жабылған блогтар саны есепке алынды. Әлеуметтік зерттеушілер бұны “преваленс” деп атайды екен.

Кестеде kk.wordpress.com-да 2011 жылдың қаңтар-сәуір айларында тіркелген қазақша блогтардың дамуына қатысты мәліметтер көрсетілген. Көріп отырғанымыздай kk.wordpress.com жүйесіндегі қазақ тілінде тіркелген блогтардың даму қарқыны наурыз айында күшейіп, сәуірде төмендей бастады.

Әйткенмен тұтастай алғанда қазақша блогтардың даму қарқыны өсіп келеді. Суреттегі көк түспен боялған кеңістік блогосфераның ауқымын көрсетсе, қызыл түсті кеңістік блогосфераның белсенді емес немесе тұралап тұрған бөлігін сипаттайды. Алдағы айдағы жағдайдың қандай болатынын сәуір және мамырда тіркелген блогтардың белсенділігінен көретін боламыз.

Пы.сы. 2011 жылдың қаңтар мен сәуір айы аралығында kk.wordpress.com жүйесінде барлығы 107 блог тіркелген. 2010 жылдың шілде-желтоқсанында 114 блог тіркелгенін байқаппын.

3 thoughts on “Қазақша блогтардың даму қарқыны қандай?

  1. Блог құрылтайдың әсері кәдімгідей байқалады екен. Осы жобадан кейін қазақша блогтар туралы көпшілік қызығушылық таныта бастады. Сосын, студенттердің ауылға қайту, қайта оралу кезінің де бұл сызбаға айтарлықтай әсері бар деп ойлаймын.

  2. салеметзибе! менде кеше блог аштым! бирак уорд пресс маган кишкене тусініксіз болып жатыр. блогты шет тілінді жургізуді жөн көрдім, кейін қазақша блог ашпақ ойда бар

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s