9. QB. Сәуірдегі қазақша блогтардың күбірі


Варшава көшесіндегі сыбыр

Варшава көшесіндегі сыбыр

Сәуір айында “Кибершайхана” кітабын сылтауратып Қарағанды, Астанаға барып қайттық (Кітапты қолға түсіре алмай жүргендер болса, менде артық данасы бар екенін ескерте кетейін). Одан кейін Прагада Мультимедиа бойынша өткен арнайы тренингке Варшава арқылы барып, біраз сапарладық. Варшаваны аралап жүргенде қабырғаға сызылған мына бір граффити көзіме оттай басылды. Көзқарасын білдіріп, қабырғаға сурет сызып кету қай елдің болса да тұрғынына тән екен. Айырмашылығы біздер виртуалды “қабырғамызды” пайдаланып жүрміз, ал бұрынғылар ойларын тау-тасқа өрнектеген. Соған қарағанда блогшылардың атасы тасқа сурет қалдырып кеткендер болар🙂

Қазір мамырдың соңында өтетін “Мінбер” семинар-тренингіне дайындалып жатырмыз. Блогосферадағы өзгерістер де назар аударлықтай. Блог бастауға деген қызығушылық артып келеді. Бұл жайтты сәуір айында тіркелген блогтар саны айғақтайды.

Ескерту: Төмендегі тізімде назарымнан тыс қалған блогтар болуы мүмкін. Егер сәуір айында тіркеліп, тізімге енбей қалғанын білген болсаңыздар, пікір ретінде қалдыруларыңызды сұраймын. Әзірге 31 блогты жинай алдым.

  1. (01.04.2011)    http://kazybek.wordpress.com/Ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Қазақстан Мәдениет қайраткері, “Жас қазақ үні” газеті Бас директоры Қазыбек Исаның блогы
  2. (02.04.2011)    http://alamantai.wordpress.comБлог авторы Шығыс Қазақстан облысына қарасты Тарбағатай ауданында Жаңа ауыл деген ауылдың тумасы. Жазбаларынан өнер мен шығармашылыққа жақын адам екені байқалады
  3. (04.04.2011)    http://iskagazdaralemi.wordpress.comЖаңадан ашылған блог қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу, арыз, талап, өтініш және т.с.с. құжаттардың үлгілерін және оларды қалай сауатты толтыруға арналған.
  4. (05.04.2011)    http://algadai.wordpress.com/“Блогшылар әлеміне әріптесім Ерболдың көмегімен мен де аяқ басып отырмын.Күнделікті күйбең тіршіліктегі жаңалықтар мен оған қатысты өз пайымдауларымды сіздермен бөліспекпін”, дейді ҚазАқпарат агенттігінің журналисті Ерлік.
  5. (05.04.2011)    http://eltilek.wordpress.com/Блог авторы блогты ашуға жәрдемдескен «Алаш айнасы» газетінің тілшісі Бүркіт Нұрасылға «тәңір жарылқасын» дей отыра: “Абай атамша айтқанда, «өз сөзім сөзімдікі». Блогтың мекенжайын «Елтілек» деп айдарлауым — қазақты, елімді шексіз сүйтіндігіммен байланысты” деп түсіндіреді.
  6. (06.04.2011)    http://shyrmauyk.wordpress.com/Жанымда,жадымда жүрген сан ойларды,айтеуір шимайлап отыру-қашанғы әдетім деп шырмауық деген блог ашыпты
  7. (06.04.2011)    http://sozkos.wordpress.com/Бұл блогты ашсақ па, ашпасақ па деп көп ойлана келе ашайық деп шештік. Бұның өзі қызық екен, осы қызықты сіздермен бөліскіміз келеді. Игі ниетпен басталған әрекет жалғасын табар деген үміттеміз
  8. (06.04.2011)    http://erdoga.wordpress.com/“8-сынып оқып жүргенімде АТА-ЖҰРТЫМА деген сағынышым қатты артты. шама бар мектеп бітіре сап кетіп қалуды ойладым. бірақ, үй-ішімізде көп қыйыншылық болды, Әке-шешем денсаулығы жақсы болмады, ақыры мен Атажұртыма бара алмадым” деп блогшы өз блогына жазып қойыпты.
  9. (08.04.2011)    http://teriskeysko.wordpress.com/Қызылжарлық (Петропавл қаласы) Фархаттың блогы. Әзірге өлеңдерін жариялап жүр. Қателеспесем Солтүстік Қазақстан облысындағы алғашқы қазақ блогшысы!
  10. (09.04.2011)    http://syrymaytis.wordpress.com/Сырым Әуезхан блогында айтыстың үзінділер мен бірнеше өлеңдер жарияланған.
  11. (11.04.2011)    http://kazakhprograms.wordpress.com/ қазақ тіліндежарық көрген программалар ( Бағдарламалар )  жинақталған және болашақта да жинақталатын болады.
  12. (13.04.2011)    http://alaupress.wordpress.com/АЛАУ мұзайдын сарайы ледовый дворец. Жарнамалық мақсатта ашылған ақпараттық блог
  13. (19.04.2011)    http://yerkebulan.wordpress.com/“әгәреки кімде-кім шындықты сүймейтін болса, бұл беті ашпағаны жөн” депті. Шамасы блог в авторы уақыт өте келе басқасын ашатынын сезген болар. Жаңа блогын төменнен табасыз
  14. (19.04.2011) http://nurlandos.wordpress.comНұрлан Досмағұловтың блогы
  15. (19.04.2011)    http://yerke83.wordpress.com Жоғарыда айтып өткен Еркебұланның блогы. “Қазіргі уақытта ұстаздық қызметтемін. Жеке өзімнің және шәкірттеріммен бірге жеткен жетістерім көңіл қуантарлық. Бағындырар белесім де, алар қамалым да алдағы уақыттың еншісінде деп білем”.
  16. (20.04.2011)    http://sirgali.com/Цэнгэл сұмын әкімі Мәнкей Тұрдыханұлының жазбалары. Шетелде тұрып жатқан қандасымыз болар деп топшыладым
  17. (22.04.2011)    http://iskesat.wordpress.com/Кәсіпкер болғысы келетіндерге 100 түрлі кәсіпті қалай меңгеруге болатынына қатысты құнды кеңестер айтылған. Өте бір ізденімпаз жанның блогы екені көрініп тұр
  18. (22.04.2011)    http://kudiaruli.wordpress.comОрта жүз, Қоңырат, Оразгелді Битөренің немересі, Құдиярдың Әлиінің блогы. “Блогты ашу себебім, бір үлкен проблема көтеріп, шу шығару ниетім жоқ. Өзімді журналист ретінде сезіну. Осы бастан жазу-сызыуға бейімделу” деп түсіндірген. Сәттілік тілейік!
  19. (23.04.2011)    http://kazbekuly.wordpress.com” былтырдан бері ешкімге көрсетпей, өзім үшін ғана деп шимайлап жүрген жазбаларым бар болатын. Блог ашуға әлі ерте сияқты көрінгенімен, тәуекел деп бастап көруге бел будым” дейді болашағынан үлкеееен үміт күттіретін журналистика факультетінде оқып жүрген блогшы!
  20. (24.04.2011)    http://kurmaniazovan.wordpress.com/Контакты ИП Курманиязова Н. К. No comments!
  21. (25.04.2011)    http://almasbeksadyrbayev.wordpress.com/Алмасбек Садырбаевтың блогы. Жарияланған жазбаларында Қызылағаш жайын қозғапты. Алдағы жазбаларынан толығырақ түсінікті болады деген үміттемін.
  22. (25.04.2011)    http://kazdemotivator.wordpress.com/Қазақтың ақылгөйлігі жаңа пішінде… деп “мағыналы” суреттерден құралған блог.
  23. (26.04.2011) http://buqarbay.wordpress.com«Бұқарбай батыр атындағы қоғамдық қайырымдылық қордың блогы
  24. (26.04.2011)    http://sauletursyn.wordpress.com/“Наурызда өткен Қазақ блогшыларының  құрылтайынан кейін құрбымның алған әсерін естіп, блогымды жүргізуді қолға алдым” дейді Әл Фараби атындағы университеттнің журналистика факультетінің 3-курс студенті Сәуле Тұрсынқызы
  25. (28.04.2011)    http://shalaqazaq.wordpress.com/Жазбаларынан бұрын істеген жұмысы құрметтеуге тұрарлық екен! “Менің кішкентай жұмысым, fb2 және epub форматындағы Мұхтар Әуезовтын – Абай Жолы кітабі.” деп, букридерге арналған Абай жолы нұсқасын жасапты. Жарайсың, бауырым!
  26. (29.01.2011)    http://nazkonyr.wordpress.com/“Игерген мамандығым мен істейтін жұмысым үш қайнаса сорпасы қосылмайтын болғандықтан екеуін де сұрамай-ақ қойыңыз” дейде астаналық Нальвиров.
  27. (29.04.2011)    http://interkaz.wordpress.com/  “Жазбаларым бәрі ақша туралы болып кеттіғой дейм :-D мені ақша құмар біреу екен деп ойлап қалмаңыздар :)Жарайт ұзын сөздің қысқасы шетелдік блогшылардың кімі қандай блогпен қалай табыс табатынын бір байқап көрейік” деп блогосферада жүріп байығандардың жайын сөз қылыпты.
  28. (29.04.2011)    http://gaziza.wordpress.com   Ғазиза Мұхтарова: “Соңғы кездері агентке тыныштық беріп, сол аға-әпкелерімнің блогтарына  жиі кіретін болғанмын:))) Содан не керек міне, енді сіздердің алдарыңызға өзімнің жеке блогыммен келіп отырмын” Қош келің, Ғазиза!🙂
  29. (30.04.2011)    http://kurmet.wordpress.com/ “Бәлкім,  біреулер  “ағамыз қартайғанда блог ашып, жастармен жарысып жүргені несі?” деп сөгетін де болар. Бірақ,  қазақтың  “ер жігіт он бесінде “жаспын” демес, жүзге келсе де “пәспін” демес” деген әдемі нақылын  ұстаным етіп алған соң, ғылым мен техниканың  жетістіктерінен  қалыс қалғым да келмеді” дейді “Қоңыр қозы” блогының авторы, Құрмет Нұрсұлтанұлы!

Әзірге жазба жарияланбаған блогтар:

  1. (07.04.2011)    http://danajol.wordpress.com/
  2. (25.04.2011)    http://gtkz.wordpress.com/

Менің көзіме түскені осы блогтар болды. Мүмкін болса, бес минут уақытымызды қиып, ұнатқан блогтарға бас сұғып, пікір қалдыруды ұмытпайық. Жаңадан блог бастаушыларға сәттілік тілеймін! Бұдан кейін жарияланатын жазба 2011 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы тіркелген блогтар негізінде жасалған шағын зерттеуіме арналмақ.

7 thoughts on “9. QB. Сәуірдегі қазақша блогтардың күбірі

  1. Іске сәт, қаздемотиватор мен шала қазақтың блогтары қызықтырды. Іске сәттің блогы әсіресе. Кей жазбаларда қазақ нарығымен сәйкестік таба алмасам да, жасағаны үлкен бір жоба екені көрініп тұр. Блог авторына рахмет!

    п.с.: шолу жасаған саған да рахмет, Асхат.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s