Блогыңыз жабылып қалса…


This is icon for social networking website. Th...

Image via Wikipedia

1. Мүмкіндігінше басқа сервистер арқылы көпшілікке оқырмандарыңызға хабарлауға тырысыңыз. Бұл өзгелердің де сақ болуына көмектеседі әрі мәселенің мәнісін білетін адамдар табылуы мүмкін. Хабарлау мен байбалам салудың арасындаңы айырмашылықты да ескергеніңіз орынды.Мен қазақ блогшылары бас қосқан kerekinfo.kz және facebook пен twitter желілерін қолдандым.

2. WordPress.com-ның блогшыларды қолдау тобы жақсы жұмыс істейді. Соларға хат жазыңыз. Егер ағылшынша хат жазу қиындық тудырса, google.translate арқылы аударып алсаңыз болады.

3. Блогыңызды қолдану шектеулі болып, ішкі құрал-саймандарды ашу мүмкін болса, паролді, келбетін өзгертіп көріңіз.

4. Алдын ала блогыңыздың ішіндегі барлық жазбалардың қорын бір жерге көшіріп қойыңыз. Блогыңыз жабылып қалған күннің өзінде осы файлдарда барлық жазғандарыңыз сақталады. Контентіңізді экспорттау үшін: Құрал-саймандар — құралдар — экспорт; Экспорттағанда әрбір категорияны бөлек-бөлек көшірген жөн. Экспортталған файл ашылмайды. Себебі ол сығымдалған түрі. Оны кейін басқа платформаға импорттау үшін солай сығымдап береді.

5.  Уайымға салынудың қажеті жоқ. Әрі мұндай сәттерде күдікті ойлардың да қылаң беріп, әртүрлі арандатушылар да табылатыны бар. Сабыр сақтасаңыз бәрі де тип-топ болады! WordPress.com-ның ішіндегі форумдарды, кеңестерді мұқият оқысаңыз әрбір сұрағыңызға жауап таба аласыз.

пысы. Екі күндей блогым жабылып қалғанын біреу білер, біреу білмес. WordPress.com-ның спам сүзгісі блогты ережелерге сай емес деп тауып, қолдануды шектеген екен. Бұл қателік wordpress.com-ға осыдан бірнеше уақыт бұрын жасалған хакерлердің шабуылынан соң орын алып отыр. Оларға хат жазып едім, қателерін түзетіп, блогымды қайыра іске қосты. Осы уақыт аралығында байланыста болып, рухани демеушілік танытқандарыңа үлкен рахмет! АРБ!

Advertisements

11 thoughts on “Блогыңыз жабылып қалса…

  1. рахмет, жақсы ақпарат алдым. Күтпеген жерден келе қалатын қауіптен сақтанып жазбаларымды сақтайын деп экспорт дегенді басып едім жалғыз ғана даунлауд экспорт файлс (осылай болар деп топшыладым…) деген сілтеме шыкты. басып калдым. Бір жерге сақталып жатыр. сақталып жатыр, сақталып жатыр. 15 минуттай боып қалды. бітер түрі жоқ. жоқ иа, бітті. сақталған фапкада wordpress.2011-04-27 деген файл тур. Осылай дұрыс па?

  2. Бәсее, кеше ғой деймін, блогыңыз ашылмады. Өзіңіз жапты ма екен деп ойласам. Мәселен біздікі еш жерге сақталмаған. блогымыз жабылып қалса, жазбалардың бәрі жоқ боп кете ме?

  3. Асеке, тағы бір сауал. Ернар деген азаматтың блогына жариялаған материалына «талқыланбайды» деген белгі қойылып тұр екен. Оны қалай алып тастауға болады?

  4. Меніңде блогым бірнеше рет жабылып қалған жәйттар болды, соңында орын ауыстырғаннан жалықтым, кәзір блог еркіндігі едәуір жақсарғанға ұқсайыды.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s