Варшавада адасып жүрмін…


тура мағынасында айтып отырмын. Таңғы сағат төрте тапсырыс берген таксистім келіп, әуежайға жеткізіп салды. Сағатжетіде ұшуы тиіс ұшақ сегіз жарымда бірақ көтерілді. Сөйтіп, Киевке олардың уақыты бойынша сағат оннан жиырма кете жеттік те, сол жақта төрт сағаттай жүріп, түс қайтара Варшаваға ұштық. Варшаваға Польша уақытымен сағат екі жарымда қондық.

Сөйтіп, екі  рет таңғы ас ішіп, екі рет түскі ас ішіп, енді міне Варшаваның Starbucks кафесінде кешкі асымды ішіп отырмын. Сөйтсем, Астана уақыты 00.25 екен…

Прагада Мультимедиа бойынша өтетін тренинг байқауына қатысып, жеңімпаз атанған соң жолға шыққаным ғой. Чехияға виза алу қиын болған соң, Шынгенді Польша арқылы алдым. Бұрын болмаған елім. Сөйтсем, Пасхаға дөп түсіппін. Халықтың Пасхаға деген құрметін көріп, таңданысымды жасыра алмай отырмын. Екі күн демалыс. Барлық дүкен, банк атаулы жабық. Шіркеуге халық лек-легімен ағылып келіп жатыр. Жаңбыр сіркіреп тұр…

Өз сенімдеріне деген құрметтері алыстан мен мұндалайды. Көшенің әрбір қалтарысы ғибадатхана десе де болады. Сосын көшеде өздерінің көзқарастарын, келіспеушіліктерін білдіріп жатқандар да бар.

Мәселен, орталық алаңда француздардың Польша жерінде ядролық станция салуына қарсы наразылық ұйымдастырып жатса, Новый свет деген көшенің бойында бір шоғыр адам ұшақ апатынан қаза болған президенттерінің қазасына қатысты зерттеу әділ өтпей отыр деп өз талаптарын көпшілікке айтып жатыр.

Әзірге осы. Еуропа өз жөнімен дамып жатыр екен. Біздің де өз бағытымыз бар. Әуежайда ұшып жүріп, сапарлап жүрген көптеген қазақ жастарын көрдім. Бәрі бірдей шылқыған байлардың баласы демес едім. Өзіміз тәрізді жұмыс істеп, ақшасын жинап, ел көрсем, өз мақсатыма жетсем деп ұмтылып жүргендер екен. Қуанады екенсің!

Ертең Прагаға ұшамын, инш! Хабар үзбе, құрдас!!!

Суреттерді түсірген Гүлім.

17 thoughts on “Варшавада адасып жүрмін…

  1. Мәссаған,Асекең шетел асып,жолаушылап кетіпті ғой. Алдыға қойған мақсатқа жету жолында тынбай еңбектенетін қазақ жастарының бәрі сендей болса,шіркін!

  2. ҚАЗАҚСТАННАН ДҰҒАЙ – ДҰҒАЙ САЛЕМ!!! Қандай керемет! Жеңімпаз болуыңызбен ағай! ЖОЛЫҢЫЗ БОЛСЫН!!! Шіркін, Евроның дамыған елдері… Ол жақта ауа райы қалай екен? Адамдарының психологиясы, білімге деген көзқарастары ше? Қандай өзгешеліктер байқадыңыз?

  3. Қазақстаннан дұғай – дұғай салем Еуропаның дамыған елдеріне! Жеңімпаз болуыңызбен АҒАЙ! Алла қолға алған күллі істеріңізді сәтті етсін! Қайда жүрсеңіз де жолыңыз болсын!!!

  4. Ол жақта ауа райы сәл суықтау секілді ғой. Білімге қызығушылық қай деңгейде екен Еуропа елдерінде? Қандай өзгешеліктер байқадыңыз?

  5. Тілектеріңізге көп рахмет, достар! Аллаһ тағала Сіздерге де ел-жер көріп, берекелі саяхаттарды нәсіп етсін!

  6. Қазақ баласы Европада жеңімпаз атанса, қазақтың мәртебесі көтерілген екен! Қуаныштымыз!!!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s