Киберчайхана: кітаптан ала отырыңыз!


Бүгін Қарағандыда осы кітаптың тұсаукесерін өткізбекпіз. Ертең Астанада боламыз. Кеше Алматыда ұйымдастырып едік. Осы апта соларға Алматы, Қарағанды және Астананы көрсетумен өтетін сияқты.

Өзім үнемі Қарағанды мен Астанаға тек жұмыс бабымен баратын болғандықтан оларды қай жаққа, қай кафеге тамақтандыруға апаратынымды да білмеймін. Қонақ үй тауып берген Әлияға, өткізетін жермен келісіп берген Мейрамхан апайға рахмет!

Қарағандылық және астаналық блогшылар, керекшілер қол ұшын созып жәрдемдессе, АРБ-дан басқа айтарым болмас! Сосын ағылшын тілінен аударатын аудармашы болса да жақсы болар еді. Астанада ағылшыншасы тәуір біраз блогшылар бар еді. Соларға сеніп отырмын🙂 Әйтеуір сыйға беретін кітаптарымды алып бара жатырмын!

КиберЧайханаneweurasia блогшыларының жазбаларынан құралған кітаптың аты. Қанша жерден таптауырынды естіледі дегенімізбен Орталық Азияға қатысы бар блогшылардың ойлары мен көзқарастарын жинақтаған алғашқы кітап.

Кітаптың авторы – өздеріміз сияқты блогшылар. Neweurasia жобасының редакторы Крис Шварц деген жігіт жазбалардың басын қосып, тарауларға бөліп, “шашын тарады”. Кітаптың тұсаукесеріне келіп, Кристің әңгімесін тыңдаумен қатар осыдан төрт жыл бұрын Еуропада оқып жүрген студенттердің кішкентай жобасы бес жылдан соң кітап күйіндегі жазбаға айналғанын, бұдан бөлек интернет жоба жұмысын дамытуға қатысты ойларымен танысып, сұрақтарды қарша боратсаңдар болады.

Барлықтарыңызды КиберЧайханаға шақырамын!

Қарағанды. 19-сәуір, сағ. 18.00. Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы
Ержанов к-сі, 8А, тел 8 7212 430650, 430704

Астана. 20-сәуір, сағ. 19.00 “Бәйтерек” Халықаралық медиа орталығы. Бейбітшілік к-cі, 25 “Өркен” Іскерлік орталығының 4-қабаты, тел. /7172/ 910-842, 910-845

пысы. Сонымен кітаптарды арқалап, жолға шықтым! Сәттілік тілей салыңдаршы!🙂

10 thoughts on “Киберчайхана: кітаптан ала отырыңыз!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s