08.QB Наурыз айында “блогомания” дүмпуі байқалды


Dean Cox түсірген сурет

АРБ, достар!

Құрылтайдан кейін есімді енді жиып жатырмын. “Тойдың болғанынан боладысы қызық” дейді ғой, тойдан кейінгісі шыжық деп қосар едім. Үйтіп-бүйтіп қағаздардан құтылғандай болып отырмын. Соңғы екі аптада Құрылтайдың бітпей қалған жұмыстарын аяқтауға көмектескендерге де бір-бір ескерткіш орнату керек шығар🙂 Енді кішкене ғана бітпеген жұмысы қалды. Десе де алғашқы Блогқұрылтайды өз деңгейінде өткізген қыздар мен жігіттерге үлкен алғысымды жеткізгім келеді.

Ең үздік блог байқауында “Өрімтал” блогына дауыс берген оқырмандарға да алғысым шексіз.

Блог құрылтай “Блогомания” синдромын алып келетінін болжау қиын емес еді. Жаңадан блог бастаушыларға сәттілік тілеймін. Әрі блогымның оң жақ бағанына “WordPress.com: Блог бастайық” және “Блог бастаушыларға арналған кеңестер” атты кітапшаның э-нұсқасын жариялағанымды еске салғым келеді.

Егер блог оқып отырып, әуен тыңдайтын әдетіңіз болса, Әбіләкім ұсынған әндердің бірін тыңдауға кеңес беремін. Бекболат Тілеухан ағамыздың орындауындағы “Япур-ай” әні

Наурызда wordpress.com-да қазақша 32 блог тіркелді. 168 жазба жарияланды. Ақпанда 121 жазба мен 21 блогқа шолу жасап едік. Менің көзіме түскендері мыналар:

     

  1. http://jansezim.wordpress.com (3.1.2011) Астана қаласынан шығатын “Сарбаз” газетінің тілшісі Жансаяның блогы әскери салаға емес, жеке ой-толғаныстарына арналған.
  2. http://galamshar.wordpress.com (3.1.2011) Айбек ақпараттық технология саласына бір табан жақын екен. Негізгі жұмысы да осы салаға қатысты. Блогындағы жазбалар АТ соңғы жаңалықтарына арналған.
  3. http://debatekz.wordpress.com (3.2.2011) Қостанайдан келіп, блогкәмпте талай қыздың жүрегіне шоқ салып кеткен Еркебұлан мұғалімнің блогы Дебатқа арналған. Дәлірек айтқанда өзі ұйымдастырып жүрген С.Мауленов атындағы гимназиясындағы “Өркениет” дебат клубына арнап ашылыпты.
  4. http://beyneuzhastar.wordpress.com (3.3.2011) Саясатқа араласып жүрген Бейнеу жастары да қарап қалмай, блог ашуды жөн көрген екен.
  5. http://kylynshak.wordpress.com (3.4.2011) Балаларға ұлттық танымның не екенін түсіндіре алмай жүрсеңіз, Әбіләкімнің төл жобасы жақсы көмекші құрал бола алады. “Балаларға базарлық” деп аталатын блогта қысқа әңгімелер мен ұлттық дәстүрімізді түсіндіретін суретті жазбалар бар.
  6. http://abdiruly.wordpress.com (3.4.2011) “Хабар” арнасындағы “Таразы” бағдарламасын жүргізушісі Ерлан Әбдірұлының блогы. Бірақ блогы жеке көзқарастарынан тұрады. Өзін “Адам. Мұсылман. Қазақ. Журналист” деп таныстырыпты.
  7. http://kazchinakz.wordpress.com (3.6.2011) Қазақстан-Қытай арасындағы экономикалық қарым-қатынасқа арналған блогты біреу іздеген болса, іздегенін тауыпты.
  8. http://gulbany.wordpress.com (3.10.2011) “Жан ізгі” деп аталған блог қазақ журналистикасында өзіндік орнын тауып үлгерген, марқұм Руслан Бөлебайға арналыпты.
  9. http://qazaqia.wordpress.com (3.10.2011) журналист Рахат Жақсыбайдың “Қазақия” блогы бұрын blogspot-та болатын, wordpress.com-ға осы атаумен көшіп келіпті. Қоныс құтты болсын, Рәке!
  10. http://oitaza.wordpress.com (3.11.2011) Стилі ерекше! Ойларын ірікпейді. Сонысымен блогындағы жазбалары қызық. Әртүрлі тақырыптарда жазады.
  11. http://oramal.wordpress.com (3.13.2011) “Ерігіп жүріп өзінің лас пікірлерін жазушы адамдардың пікірлеріне бұл блогта орын жоқ!”. Көрдіңіз бе? Дін тақырыбы өте сезімтал. Сондықтан ол туралы тыныш жерде талқылау керек. Орамалға қатысты ойларды осы жерден табасыз.
  12. http://qazaq23.wordpress.com (3.14.2011) “Журналистер саябағы” блогының авторы Диананы блог құрылтайға келгендер жақсы таниды. Өзінің блогын да сол жерде таныстырған. Жазбаларының көбісі журналистика әлеміне арналыпты.
  13. http://koshakan.wordpress.com (3.20.2011) “Бүкіл елдің балалары бір тілде жылайды” дейді “Әлди-әлди” бала тәрбиесіне арналған блогтың иесі. Блогында тіс дәрігеріне қалай барғанынанан бастап, жас аналарға арналған заң нормалары да бар екен.
  14. http://qarjas.wordpress.com (3.22.2011) Ернар – ҚарМУ-дың оқытушысы екен. Жазбалары жеке ой-пайымдарынан тұрады.
  15. http://shabyt.wordpress.com (3.23.2011) “Шабыт” – cүйікті блогтарымның бірі. Қолөнерге, қазақтың дәстүріне арналған. Әсіресе, оюларға қатысты жазбасы мен теріні илеуге қатысты әдісі ұнады. Авторы теріден жасалған бұйымдарға маманданған екен.
  16. http://comicskz.wordpress.com (3.24.2011) “Бұл жерден сіз қалжыңды комикстен көңіл көтеріп қана қоймай, сонымен қоса, жалпы мағлұмат және комикс жасау бойынша пайдалы кеңестер мен сабақтар ала аласыз”. Қазақ блогшысы AKY-ның жаңа жобасы.
  17. http://sapashov.wordpress.com (3.24.2011) Жалғыздықты ұнататын, табиғатты сүйетін Дастан есімді азаматтың жеке ой-пікірлері.
  18. http://irisgul.wordpress.com (3.24.2011) Қыздар косметикасы, тері күтімі т.с.с. пайдалы кеңестерге толы блог екен.
  19. http://oralman.wordpress.com (3.28.2011) “Оралмандар” емес Отандастар деп аталатын блог авторы Қазақстанға көшіп келген, көшіп келгісі келетін жандарға ақпараттық қолдау көрсетуді мақсат етіпті.
  20. http://sportstan.wordpress.com (3.30.2011) Спорт журналист ретінде өзін танытып үлгерген Ақырыстың жеке блогына да келіп жеттік. Бес ай бойғы блог жайлы айтқандарымның бекер кетпегеніне қуанады екенсің. Жарайсың, Ақырыс!
  21. http://belgisizjan.wordpress.com (3.30.2011) Белгісіз жанның блогындағы жазбаларға қарап түсінгенім, Астанадағы Еуразия университетінде оқитын студент деп топшыладым. Қателескен болсам, өзі түзей жатар. Астанада да блогшылар көбейіп келе жатыр…🙂
  22. http://danyshpan.wordpress.com (3.31.2011) “Тұтых – ежелгі мысыр сенімінде данышпан Құдайы екен. Құдай жарылқасын. Блогына сәттілік тілеймін!
  23.  

Жаңаланбаған блогтар:

     

  1. http://kaznetworksecurity.wordpress.com (3.13.2011)
  2. http://kyzyktarmenshyzhyktarturalymultiksyrlarjailyangime.wordpress.com 1 (3.14.2011)
  3. http://koshpendiler.wordpress.com 0 (3.19.2011)
  4. http://kozkarasym.wordpress.com (3.25.2011)
  5. http://mekhanika.wordpress.com (3.25.2011)
  6. http://zharkyn.wordpress.com 1 (3.28.2011)
  7. http://aspaneli.wordpress.com 0 (3.28.2011)
  8. http://bayansuluu.wordpress.com 1 (3.28.2011)
  9. http://syraitar.wordpress.com 1 (3.29.2011)
  10. http://qurman.wordpress.com (3.31.2011)
  11.  

пысы.Қазір жиі жаңаланатын блогтардың саны да күн сайын көбейіп келеді. Ал белсенді қазақ блогшыларының басын қосқан kerekinfo.kz негізгі алаңымызға айналып отыр. Әліптің артын бағайық!🙂

12 thoughts on “08.QB Наурыз айында “блогомания” дүмпуі байқалды

  1. Өткен айда осы тізімде өз блогымды көргенде сондай қуандым ғой..))

    • Өрімталдың ай сайынғы есебі кешікпей жетті ау. Талғат, менде де болған сол құбылыс, назарды ең бірінші рет осында осы блогтан қабылдағанбыз. Рахмет Асхат. “Тұсау кесер” посты ғой…;)

  2. Менің шағын зерттеуім Сіздерге осынша қуаныш сыйлайтынын білмеппін🙂

    Көп рахмет!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s