07.QB Ақпанда тіркелген блогтар 121 жазба жариялады


Гайка Эриксона

Image via Wikipedia

Марқұм әкемнің қоңыр шабаданы болатын. Іші темір-терсекке толы еді. Болт, шруп, гайка, пружиналар, шеге тәрізді майда заттарды алақаныма бір уыс қылып толтырып, жеке-жеке тізіп ойнайтынмын.  Кеңес одағы тұсында ТВ жөндеу сән болды ма, әйтеуір біздің ауылдағы әкемнің құрдастарының барлығы телевизор, холодильник жөндейтін. Қастарында кішкентай индикатор-отверткаммен әр темірді бір түртіп, шамы жанғанын қызық көріп, мен де жағаласып жүретінмін. Сосын көшеде бір болт не шруп көрсем “Әкеме керек болады” деп қалтама салып алатынмын. Кейін үйімізде түрлі-түсті теледидар пайда болған соң, ол қоңыр шабаданды да сирек ақтаратын болдық…

Бірақ бір нәрсені түртініп жинау әдет болып қалған сияқты. Әкеме керек болмаса да, бір қажетке жарар деп ай сайын көзге түскен қазақ тіліндегі блогтардың санын тізіп отыруды әдетке айналдырып алдым.

Әдеттегі дәстүрім бойынша өткен айда жаңадан тіркелген қазақша блогтардың бірнешеуін таныстырғалы отырмын.

     

  1. http://guljainat.wordpress.com/ (1.02.2011) Проза, Поэзия, Өмір сырлары атты Гүлжайнаттың “Сыр сандығы” әдемі ойлармен өрілген әдеби жазбалары бірден оқырмандарын баурап алды десем, артық айтқаным болмас.
  2. http://talapker.wordpress.com/ (2.02.2011) жазба жарияланбаған.
  3. http://adaiwa.wordpress.com/ (2.02.2011) Мырзан Кенжебайдың “Төлегені – Валентин, Қызыр әулиесі -Санта Клаус болмасын!” атты мақаласы көшіріліп жарияланған жалғыз жазба болғандықтан ештеңе айта алмай отырмын.
  4. http://sailau2011kz.wordpress.com/ (9.02.2011) Президенттік сайлауға орай ашылған блог ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз етуді көздеген сыңайлы. Бірақ жазбалар жиі жаңартылмайды екен.
  5. http://matemkz.wordpress.com/ (11.02.2011) Ең белсенді блогтардың біріне айналып келе жатқан блогты Қостанай қаласындағы мектептің мұғалімі Талғат Байназаров жүргізіп жүр. Мектеп өміріндегі оқушылардың қызықты сәттерімен қатар математиканы жаңа технология көмегімен оқытудың қыр-сырымен де бөлісіп жүр.
  6. http://kultay.wordpress.com/ (11.02.2011) “Ұлттық мінез немесе Мағауинді мойындау” атты жалғыз жазба ғана жарияланыпты.
  7. http://asiada.wordpress.com/ (11.02.2011) өзінің ойын именбей айтып, керек жерінде сөзбен сойып салатын талантты қазақ журналистерінің бірі Әсия Бағдәулетқызының блогы аз уақыттың ішінде оқырмандарын тауып үлгерді.
  8. http://kerekkino.wordpress.com (13.02.2011) Киноға арналған тақырыптық блогтың авторы көпшілікке таныс – Қисық.🙂 Блогта сонымен қатар қазақ актерларының өмірлерінен де ақпараттар беріліп тұратыны ұнады.
  9. http://alibeka.wordpress.com (14.02.2011) ислам дініне арналған блогтардың бірі – Әлібектің блогындағы жазбалар көбінесе ақпараттық сарында жазылғандықтан күдікке бой алдырмай оқуға болады екен.
  10. http://zhazular.wordpress.com/ (15.02.2011) алғашқы жазбасында “мюзиклді түсіре бастағанын” айтыпты. Өзіме жазғаны өте ұнады. Тек әрі қарай жалғастырса екен деген тілек бар.
  11. http://shyghystanushy.wordpress.com/ (21.02.2011) блогының авторымен өткен сенбіде таныстық. Үлкен жоспарлары бар екен. Тақырыптық блогтар өз басыма ұнайды. Әрі бұл блогты оқытушылық мақсатта да пайдаланбақ ниетте. Дизайнын өзгерткенімен, әзірге жазбалар жарияланбаған.
  12. http://kaztarih.wordpress.com (21.02.2011) жоғарыда айтқан блогпен қатар ашылған. Бірақ бұл тарихшы блогында жазбалар да бар. Ашып қараған адам, блогтың мақсатын бірден түсінеді.
  13. http://radjuly.wordpress.com/ (22.02.2011) “Кішкентай әлсіз күшікті менсінбей жүрмеңіз, бәлкім ол жолбарыстың баласы болуы мүмкін…” деп ескертіпті. Жариялаған жазбасына қарап, өнер тақырыбына қызығады деп болжап отырмын.
  14. http://btleuhan.wordpress.com/ (23.02.2011) Бекболат Тілеухан ағамыз блогында өзін таныстырмаса да, жариялаған төрт жазбасынан-ақ автордың болмысы мұндалап тұр. “Әрбір сөз, әр қадамымыз үшін жауап бермекпіз” деген қайраткер азаматтың қазақ тілінде блог бастауы қазақ блогосферасына үлкен өзгерістер әкелмек. Өзгерістер тек қана һайырлы болғай деп тілейік!!!
  15. http://mukhtarsherim.wordpress.com/ (23.02.2011) блогының авторы қамыры жабысып қалмаған ет, қуырдақ жақсы көретінін резюмесіне жазып қойыпты. Бірақ блог аспаздыққа емес, сатиралық жазбаларға толы. Блогосфера үшін тың. Жаңа леп.
  16. http://estetika91.wordpress.com/ (24.02.2011) Блог ашудағы мақсатым Қазақ интернетінің дамуына үлес қосу деген “Лингвистикалық   ғылыми болжау орталығының»  белсенді   мүшесі әзірге блогқа жазба жариялауда белсенді емес…
  17. http://nurshashu.wordpress.com/ (24.02.2011) Интернет журналистиканы дамытуға ниетті адамның блогы екенін алғашқы жазбасына қалдырылған пікірінен білдім.
  18. http://taubarisi.wordpress.com/ (25.02.2011) “Мен, мен едім, мен едім, Мен Алтайда жүргенде Жүгірген сәби бала едім” дейді Тау барсы блогының аворы.
  19. http://shokanbek.wordpress.com (25.02.2011) «Бүгін целый день снег жауад деген».«Снег па, дождь ба?»«Снег деп айтты». Бұл Шоқанның “Шала қазақ” атты жазбасынан алынған үзінді. Блогшы өзінің бағытын айқындаған. Ұлттық тін мен ділге арнаған.
  20. http://aybenhabeken.wordpress.com/ (27.02.2011)  Бұған дейін фотосурет блогын көріп едім, ал мына блог суретшінікі екен. Блогына өзінің салған суреттерін де жариялапты. Суретті қалай салғанын қоса жазып отырса, бұдан да қызық болар ма еді…
  21. http://olzhasbek.wordpress.com/ (28.02.2011) Блог авторы өзін өте қысқа таныстырыпты: “23 жастағы програмист. “Нұрландия” елінің тұрғыны”.
  22.  

пысы. Бұл жолғы шолуым ұзақтау болып кеткен сияқты. Ең бастысы ақпан айы бірнеше тақырыптық блогтар мен тұлғалы блогшылардың қосылуымен ерекшеленгенін еске салғым келеді. Жаңа блогтардың ашылуына әккі блогшылар себепші болған екен. Жасаған жақсылықтары Аллаһтан қайтсын! Менің есебім бойынша ақпанда тіркелген блогтардың барлығы 121 жазба жариялапты. Наурызда тіркелгендер бұл саннан асып түсер ме екен🙂 Бірақ сан емес, сапа маңызды екені сөзсіз. Жаңадан қосылған блогшыларға тек қана сәттілік тілеймін!!! Әрі блогтарын үнемі жаңалаумен қатар, жазбаларының көшірмесін компьютерлерінде де қоса сақтап жүруге кеңес беремін.

14 thoughts on “07.QB Ақпанда тіркелген блогтар 121 жазба жариялады

  1. Асеке “қоңыр шабаданның” ішіндегілерімен таныстырғаныңыз үшін көп рақмет. Іліп-аларыңыз көбейсін, таптырмас, мәнді дүниелермен шабаданыңыздың іші томпайсын!

  2. Асхаттың блогтарға қатысты кезекті жазбасы жаңадан қосылған блогшыларды алға жетелейтіні, өздерінің ғаламтор аясында бақылаусыз, ескерусіз қалмай жатқанын сезінері сөзсіз. Сәттілік тілейік,блогшыларға!

  3. Блог әлеміне жаңа қадам басқандарды елегеніңіз үшін көп рақмет. Еңбегіңіз Алладан қайтсын!

  4. Рахмет, АСХАТ АҒАЙ! Өзіңіз айтқандай жазба жариялауда сан емес, сапа маңызды деп есептейтін жандардың қатарынанмын.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s