Қазақстан Facebook қолданушылары бойынша 213 елдің ішінде 103-орында


Facebook әзірге mail.ru-ға балама бола алмас деп ойлаймын. Әйткенмен Қазақстандық интернет қолданушылар орыс тілді виртуалды кеңістіктен ағылшын тілді әлеуметтік желіге сіңісе бастады.

Neweurasia.net сайтына жазба әзірлеп отырып, байқап қалдым. Қазақстан Facebook қолданушылары бар 213 елдің ішінде 103-орында тұр. (кестедегі бірінші баған тіркелген қолданушылар санын, екіншісі сандық және пайыздық өсуді, үшіншісі интернеттегі алар үлесін көрсетеді)

Орталық Азия елдері ішінде бірінші орында екенбіз. Соңғы айларда facebook қолданушылар санының көбеюін mail.ru акцияларының Лондон Қор Биржасында сатылуымен байланыстырушылар бар. Facebook иелері ресейлік ақпараттық-ойын сауықтық порталдың минориталды акциясын сатып алыпты [орыс.т].

Қазіргі кезде Facebook-ке тіркелгенде mail.ru-дан достарыңды шақыру қызметі қосылған. Менің түсінігімде осы қызмет FB-те қазақстандық интернет қолданушылар көбеюіне септесіп отыр. Әрі олардың дені 18-24 жас аралығындағылар.

Пысы. Кеше Амангелді “Үздіктердің қатарындамыз” деген жазба жариялаған. WSJ тілшісі төңкеріс болуы ықтимал елдердің өз тізімін [ағыл.т.] жасапты. Қазақстан ол тізімде 85 елдің ішінде 31-орында тұр. Жұрттың дені Араб елдеріндегі төңкерістерге әлеуметтік медиа түрткі болды деген соң, Facebook тізімі мен WSJ келтірген тізімді салыстырып көріп едім. Бәлендей ұқсастық таба алмадым. Бірақ WSJ тілшісі өз пайымына жүгінді ғой…

5 thoughts on “Қазақстан Facebook қолданушылары бойынша 213 елдің ішінде 103-орында

  1. 103 орында тұрсақ та мұнда тағы да қазақ тілі жоқ. Фейсбукті неге қазақшаға аудармаймыз? – деп сұрағым келеді

    • FB-ны қазақшаға аударуға болады. Оған кез келген тіркелген адам үлес қоса алады. Бірақ әуелі адамдар FB функцияларын дұрыс түсініп алса, аудармалары да сәтті болады деп есептеймін. Мүмкін осы бастан “Қазақша Facebook” деген топ құрып, ниеттес қолданушыларды жинау керек шығар.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s