Блог Құрылтайдың 9 ережесі



1. Блог Құрылтайға қатысушылар шақырылмайды. Тек құлақтандырылады.
2. Қатысуға ниет танытсаңыз, аты-жөніңіз бен презентация тақырыбын тіркеу формасында көрсетуіңіз шарт.
3. Блогыңызда, twitter-де т.б. жолдармен «Блог құрылтай» тыныс-тіршілігін баяндап жүріңіз. Әрі #blogquryltai2011 деген ілмекті қолданыңыз.
4. Барлық айтылар әңгіме Блог құрылтайға қатысты болуы тиіс.
5. Бір уақытта қолда бар мүмкіншіліктерге қарай мейлінше көбірек презентация болғаны мақұл.
6. Күні бұрын жоспарланбаған презентациялар мен кезбе кісілерге жол жоқ.
7. Презентация қанша уақытты керек етсе (яғни 20 минут), сонша уақытқа созылады әрі қарай кезекте өзінен кейін тұрған презентацияға орнын босатады.
8. Блог құрылтай тәрізді Camp түріндегі жиынға алғаш қатысып отырсаңыз, міндетті түрде презентация жасауға тырысыңыз (бұл, әрине, міндетті шарт емес, бірақ мүмкіндігінше солай істеуге тырысыңыз, не болмаса сұрақ қойып, «BlogCamp: Блог құрылтай» жұмысына белсене атсалысыңыз).
9. Блог құрылтайдың жақсы өтуі тек қана өзіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз!

пысы. әзірлеуге жәрдемдескен Нұрғисаға рахмет! Ал, енді сұрақтарыңызды қарша боратсаңыздар болады 🙂

Advertisements

14 thoughts on “Блог Құрылтайдың 9 ережесі

  1. 1. Өзіміздің тақырыбымызды, яғни берген презентациямыздың тақырыбын қай уақытқа дейін өзгертуге болады?
    2. Бір адам екі презентация тапсыра алады ма? Егер ия болса, екі презентацияны екі күнге бөлесіздер ма? Әлде арты-артынша тапсыра береді ма?
    3. Сайтта тіркелгеннен кейін, біз болатын жерге барып тағы да тіркелгенде, менің мен екендігі жөнінде құжаттар қажет болады ма?

    • 1. наурыздың басына дейін өзгертсеңіз болады.
      2. бір адам бірнеше презентация жасай алады. Қай уақытта екенін баяндамашының өзі шешеді.
      3. тіркелген кезде сіздің атыңыз және т,б, мәліметтер жазылған бэйджик беріледі.

    • презентацияны қандай эл. форматта жасаған дұрыс?
      бұрын жасалған орыс, қазақ тіліндегі үлгі презентацияларлар бар ма? үлгісіне қарап көру керек еді алдымен

      • Power Point-пен жасасаңыз дұрыс болар. Өз еркіңізде ғой. Сурет көрсетесіз бе, сөйлейсіз бе, бастысы өз ойыңызды, тәжірибеңізді жұртқа жеткізе алсаңыз болғаны.

  2. Құлақтандырады деген біртүрлі сөз ғой, қайдан тауып алдыңыздар? хабарланады дей салсаңыздаршы.. зат есімді етістікке айналдырмай ((( біртурлі екен щі

  3. Onlinedy katysuga bola ma bilmeimin. KZ’de bolmagandyktan katysa almaimyn. Istegen isteringe sattilik tileimin! Inettegi Kazakh tilin damytu ushin, kontentti damytu kerek, konetti damytatyn timdi joldardan biri blogtardy sapasyn, sanyn kobiietuden baska jol korip turgam jok.

  4. Еліміздің қарлы өңірінен келетін қонақтарға пойызға қайтар билетін 21-не алған дұрыс па, жоқ әлде 20-cына сағат 17.00-ке ала берейін бе? (Күніне бір-ақ рет осы уақытта ғана жүреді екен пойыз)

  5. Сіздердің тұңғыш рет өткен Блог құрылтайларыңыз жайлы БАҚ- тардан естідік. Бұл алдағы уақытта өз жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болар еді…

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s