Блог бастаушыға арналған кеңестер


Негізі бұл кітапшаны бірінші шығаруым керек еді. Бірақ орайы осылай болды. Шағын кітапшаны жаңа медианы студенттерге түсіндіру барысында қолданып жатырмын (жүктеп алу үшін www.slideshare.net ресурсына тіркеліп, download дегенді түртесіз).

Кітапша көбіне блогшылардың кеңес жазбаларынан тұрады. Қазақ тілінде алғашқы болып wordpress.com тұғырында блог бастаған Бақытгүл, Бақытнұрдың және Есенгүл апай мен Айжанның жазбаларын оқи аласыздар.

Кеше Астанаға барғанда тәбәрік деп төрт-бесеуін апарып едім. Өзі аз ғана таралыммен шықты. Талдықорғанда өткізген тренингті Қазақстандағы АҚШ елшілігі қолдап еді. Сол тренингтен қалған азғантай ақшаның есебінен жарыққа шықты.

пысы. Кітапшаны әзірлеуде көрсеткен өлшеусіз көмегі үшін Тимур құрдасыма үлкен алғысымды білдіремін. Тимур да қазір қазақ қоғамында сирек кездесетін IT Risk Management Ақпараттық технология саласындағы тәуекелді басқару деген тақырыпта керемет бір блогты қолға алып отыр. Бастаған ісіне үлкен сәттілік тілеймін!

Ұқсас жазба

12 thoughts on “Блог бастаушыға арналған кеңестер

  1. мен біреуін сатып алам сақтап қойшы ааа мындағы баурларыңа бір семинар өткізу жоспарлап жүрмін соған керек!

    • Келістік! Тек тегін берейінші🙂 Кейін биік таудың басына шығып, қазақтың туын тіктегенде мені еске алып, дұға қылсаңыз болғаны🙂

  2. жақсы екен! кітапша қылып шығарып, “Меломанда” сатқанда да әжептеуір табыс түсер ме еді, а))))))))) бұйыртса, қаражат қарастырып, осы кітапшаны шығару жолын іздестірсек болар еді

    • кітап болып шықса, кейбіреулер оны ішіндегі Ербол екеуіңнің суреттерің үшін сатып алатын шығар

    • бұл сұрақты әдетте блог ашпай тұрып қояды🙂 Бірақ блогты ашып алып, бір-екі жазба жариялаған соң да осы сұраққа жауап іздейтіндер кездескен. Блогыңыз болса, қолыңызда микрофон бар деп елестетіңіз. Әрі қарай оны қалай қолдану өзіңізге байланысты. Ән айтып, ақша табасыз ба, әлде жұрт байқамаған шындықты жазасыз ба немесе өз-өзіңізге есеп беріп, ойыңызды жинақтайсыз ба, айғайлайсыз ба, сыбырлайсыз ба т.с.с. Ең бастысы енді сіз көпшілікпен сөйлесе (тәжірибе, білім, ой алмаса ) аласыз.

  3. Кітап көмекші құрал ретінде өте жақсы. Кей жерлерін ұмытып қалсаңыз еске түсіруге болады. Мен өзім талай рет солай істегем!

    • Инш, әзірлейін!!! Рахмет, Шыңғыс! Сендерге арнап, 25 данасын сақтап отырмын. Құрылтайға келгенде берермін.

  4. Өрімтал көкей, айдарға бөліп әспеттеп, суреттер таңып сымбатын келтіру үшін не істеуім керек? а?

    • Блогтың ішіндегі құрал-саймандар деген бағандағы Сыртқы көрінісі деген бөлімге өтіп, келбетін жаңалай аласың. Ал айдарларға бөлу үшін жазба жазған кезде оң жақ бағанға қалаған категория атын жазып қосасың.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s