Блог бастаушыға арналған кеңестер


Негізі бұл кітапшаны бірінші шығаруым керек еді. Бірақ орайы осылай болды. Шағын кітапшаны жаңа медианы студенттерге түсіндіру барысында қолданып жатырмын (жүктеп алу үшін www.slideshare.net ресурсына тіркеліп, download дегенді түртесіз).

Кітапша көбіне блогшылардың кеңес жазбаларынан тұрады. Қазақ тілінде алғашқы болып wordpress.com тұғырында блог бастаған Бақытгүл, Бақытнұрдың және Есенгүл апай мен Айжанның жазбаларын оқи аласыздар.

Кеше Астанаға барғанда тәбәрік деп төрт-бесеуін апарып едім. Өзі аз ғана таралыммен шықты. Талдықорғанда өткізген тренингті Қазақстандағы АҚШ елшілігі қолдап еді. Сол тренингтен қалған азғантай ақшаның есебінен жарыққа шықты.

пысы. Кітапшаны әзірлеуде көрсеткен өлшеусіз көмегі үшін Тимур құрдасыма үлкен алғысымды білдіремін. Тимур да қазір қазақ қоғамында сирек кездесетін IT Risk Management Ақпараттық технология саласындағы тәуекелді басқару деген тақырыпта керемет бір блогты қолға алып отыр. Бастаған ісіне үлкен сәттілік тілеймін!

Ұқсас жазба

Advertisements

12 thoughts on “Блог бастаушыға арналған кеңестер

    • Келістік! Тек тегін берейінші 🙂 Кейін биік таудың басына шығып, қазақтың туын тіктегенде мені еске алып, дұға қылсаңыз болғаны 🙂

  1. жақсы екен! кітапша қылып шығарып, “Меломанда” сатқанда да әжептеуір табыс түсер ме еді, а))))))))) бұйыртса, қаражат қарастырып, осы кітапшаны шығару жолын іздестірсек болар еді

    • бұл сұрақты әдетте блог ашпай тұрып қояды 🙂 Бірақ блогты ашып алып, бір-екі жазба жариялаған соң да осы сұраққа жауап іздейтіндер кездескен. Блогыңыз болса, қолыңызда микрофон бар деп елестетіңіз. Әрі қарай оны қалай қолдану өзіңізге байланысты. Ән айтып, ақша табасыз ба, әлде жұрт байқамаған шындықты жазасыз ба немесе өз-өзіңізге есеп беріп, ойыңызды жинақтайсыз ба, айғайлайсыз ба, сыбырлайсыз ба т.с.с. Ең бастысы енді сіз көпшілікпен сөйлесе (тәжірибе, білім, ой алмаса ) аласыз.

  2. Кітап көмекші құрал ретінде өте жақсы. Кей жерлерін ұмытып қалсаңыз еске түсіруге болады. Мен өзім талай рет солай істегем!

    • Блогтың ішіндегі құрал-саймандар деген бағандағы Сыртқы көрінісі деген бөлімге өтіп, келбетін жаңалай аласың. Ал айдарларға бөлу үшін жазба жазған кезде оң жақ бағанға қалаған категория атын жазып қосасың.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s