Dabaileaks-5: Астана


Dabaileaks дегеннің не екенін Wikileaks жобасын естігендер білетін болар. Енді не себепті ол dabai болды десек, dabai.kz сайтының белсенді мүшелері мен қазақ блогшылары бірігіп Алматы қаласында 19-20 наурыз күндері BlogCamp: Блог құрылтай өткізбек ниетте. Осы шараның жұмыстарын үйлестіру барысы көпшілікке ашық болу мақсатында dabaileaks деген тақырыппен жазбалар жарияланып жатыр.

Осы аптада Астанаға жолым түсіп, (жол қаражатына жәрдемдескен AGT-Қазақстан компаниясына көп рахмет) ондағы блогшылармен кездестік. Үйіне қонақ қылып, осы жазбаны жазу үшін интернетімен бөліскен Ерлан Оспан ағамызға да алғыс айта кеткенім орынды болар.

Алматылық блогшылардың сенбілік кездесулері дәстүрлі болса, астаналық блогшылар алғаш рет бір-бірін жүзбе жүз көрген екен. Төмендегі видеодан кездесудің бір үзіндісін ғана көре аласыз. Суреттер Өркеннің фотоаппаратында болғандықтан, өзі жариялай жатар. Әйгерім де өз ойын жариялап үлгерген екен.


Басты мақсатым келгендерге Блог құрылтайдың форматын түсіндіру еді. Қаншалықты дұрыс түсіндіре алғанымды білмедім. Бірақ көпшілік мені ұғуға тырысқанын байқадым. Сол үшін бәріне үлкен рахмет.

Кімдер келгенін санамаласам, тізімім шұбап кетуі мүмкін. Десе де стол жағалай отырғандарды санамалап шықсам: Айжаннұр, оның сіңілісі, Мұрат Әбенов, Рауан, Кәмшат, Нұрғиса, Фазылбек, Әйгерім (AKY), Өркен, Аршат, Ерлан, Ержан аға, Виктория (иә, қара қыз 🙂 ), Жандос, Рахат, Бекжан, Азат (wikikaz жобасы) және оның досы болды.

Әңгіменің негізгі өзегі Блог Құрылтай сайлау қарсаңында өтетін болғандықтан оның бір саяси, діни яки тағы басқа реңк алып кетпеуі үшін BlogCamp ережесін жасайық деп шештік. Таяу күндері Dabai.kz-ге сол бір қарапайым ережелерді жарялаймыз!

Айтылған ұсыныстар:

  • Ержан аға WiFi мәселесін шешуге ат салыспақ.
  • Мұрат аға ресми мекемеге ұсыныс керек болса, сол жағынан көмектесе аламын деді.
  • Нұрғиса аударма жағынан көмектесемін деді.
  • Кәмшат «Айқын» газеті ақпараттық демеуші бола алады дейді
  • Фазылбек те «Жас қазақ үні» ақпараттық демеуші болатынын айтты.

Блог құрылтай күні кешкісін воллейбол ойнасақ деген ұсыныс келіп түсті. Жақсы ой!!!

Жазбам шұбап кетпес үшін әзірге осымен шектелейін. Атқарылар іс өте көп. Құрылтай күні жақындаған сайын түйткілді мәселелер де шыға береді екен. Төзім мен сабыр керек екен! Бүгін кешке Алматыға қайтамын, инш!  Ұмытып барады екенмін, астаналық блогшылар барлық алматылық блогшыларға дұғай сәлемдерін жолдады 🙂

  • Нұрғиса аударма жағынан көмектесемін деді.
Advertisements

6 thoughts on “Dabaileaks-5: Астана

  1. Астана мен Алматыдан бір бірлеріңе салем жолдап жүре беріңдер. Қазақстанның басқа қалаларындағы жағдайы төмен интернетші жастар сендерге маңызды емес

    • Жасқазақ, ешкімде төрт қол немесе төрт аяқ жоқ қой. Мәселе талапта емес пе. өкінішке орай, бізде әлі күнге дейін біреу келіп, істеп беру керек деген сана кетпей отыр

  2. Шақырсаңыздар сіздер жаққа да келуге тырысамыз 🙂 Алматы мен Астанадағылардың дені де сол жан-жақтан келгендер екені жасырын емес қой.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s