Айналамның бәрі Азиада болып кетті…


Алматыдан Азиаданың иісі шығады. Дәлірек айтқанда алматылықтардың бойынан Азиаданың бір элементін көруге болады. Азиада басталғалы бері Азиада белгісі бар тоқылған бас киім, шалғы киіп жүрген жастарды көрдім.

Сонымен қатар көшеде қызыл киім киген Азиада волонтерлері де жиі көзге ұшырасады. Стадион маңында көк ту сатып тұрады. Көптеген алматылықтардың көліктерінен де көк туымызды байқадым. Өткенде көше ортасында бір жігіт туды желбіретіп жүгіріп жүргенін де көзім  шалған.

Сосын базарда Ирбидің суреті бар пакет ұстаған жандар. Әйтеуір айналамның бәрі бір сәтте Азиада болып кетті. Мүмкін Алматы көшесінде аз жүруім керек шығар 🙂

Фурмановтағы Орталық Мұражайда мынадай көрме болып жатыр екен. Жолай соға кетіп едім. Ол туралы Айжан әдемі фоторепортаж жасаған. Менікі жай әшейін түсірген видеоларды жинастыра салып едім.

пысы. көрмедегі заттар шынымен де әдемі екен. Бағалары да онша қымбат емес сияқты көрінді.

Advertisements

2 thoughts on “Айналамның бәрі Азиада болып кетті…

  1. Астанада да осы атмосфера… Бүгін дәмханада отырсам, даяшы қыздар ерлер хоккейінен көзін алар емес. «Қазақстан» деп қуаныштарын жасыра алмай отыр. Тапсырысым кешіксе де, оларды көріп, менің де отаншылдығым ұстап кетті!

  2. Азиаданын конактары сол кызыл киімділердін аркасында дән риза боп кайтты, ал машинадагы туларды Қалалық Әкімшілік тақсаң да тағасың, такпасанда тагасын деп берді, оны кез-келген машина емес, мемлекеттік машиналар гана тагады, апарып жарбитып жапсырып койдык, ал әлгі лентанын біреуін мен де сомкеме жырбитып байлап койдым, ана жабылу салтанатында берген аппак плащь сияқтыны, ой, плащь сияқты емес, кадімгі плащьты, атам мынаны кой толдегенде кисем, бірак тым аппак екен деп, алдекандай гып коржынына салып койды, сосын алгі бас киім, колгап, шарфтары да бар, калай болганда да Елбасымыз айтпакшы, каншама елдін анурандары «шыркыралган» Азиада болгасын, бізде жанымыз «шыркырап», озімізше Азиада боп жатырмыз, онда турган не бар екен тәйірі…)))…

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s