06.QB: Мәжіліс депутаты блог бастады


Қазақ тілінде блог жүргізуге деген қызығушылық бәсеңдер емес. Қаңтар айында wordpress.com-ның қазақша нұсқасында 18 жаңа блог тіркелгенін байқадым. Бәрі бірдей жаңарып, қызықты жазбаларға толысып тұр деуге келмес. Әйткенмен, өз ойларын көпшілікпен бөлісуге бел буған жандардың күн санап артып келе жатқаны қуантады. Суреттегі кісіні де танитын боларсыз. Қаңтар айында ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов те kk.wordpress.com тұғырнамасынан блог тіркеді.

  1. http://bakbergen.wordpress.com (5.01.2011) Ерболдың жазбалары деп аталатын блогтан әзірге Ерболдың суретін ғана көріп отырмын.
  2. http://izgilik.wordpress.com/ (7.01.2011) “Аллаға тәуекел” деп аталатын Ізгіліктің блогы Интернеттегі қызықты мәліметтерімен және блог жүргізуге қатысты пайдалы кеңестерімен тартымды.
  3. http://greekmith.wordpress.com (12.01.2011) “Грек мифологиясы: ежелгі Эллада мұралары” атты блог аты айтып тұрғандай грек аңыздары мен олардың кейіпкерлеріне арналған.
  4. http://kainaralem.wordpress.com (10.01.2011) Журналист Қайнар Жұмағожаның блогы “Қайнар әлемі” деп аталады. Бұл әлемнен жас журналистің шығармашылығымен таныса аласыз.
  5. http://satibaldi.wordpress.com/ (11.01.2011) Бұл блог ашылғанымен әзірге жарнамалық үзіліс алғанға ұқсайды.
  6. http://abenovmurat.wordpress.com/ (13.01.2011) “Ал,  Құрметті блогшылар қауымдастығы! Ұзақ жол жүріп, Сіздердің қатарыңызға асығып келген, Мұрат Әбеновтің сәлемін қабыл алыңыздар! БАСТАЙЫҚ!!!” деген жазбаның авторы ҚР Парламент мәжілісінің депутаты блогты бұқарамен емен-жақын араласу үшін бастаған екен.
  7. http://terminder.wordpress.com/ (14.01.2011) “Діни терминдер” блогының авторы интернет қолданушыларға ислам дінінде кездесетін термин сөздердің түсіндірмесін ұсынады. Автордың іздеген сөзді оңай табу үшін сөздерді алфавиттік қатармен категорияларға бөліп қойғаны жақсы болған.
  8. http://janbota.wordpress.com/ (16.01.2011) Жанбота – Моңғолияның Налайқы ауданының тұрғыны. Блогына өз ауылының тұрмысы жайлы жазамын депті. Әзірге жаңа жазба жарық көрмеген.
  9. http://nurkz.wordpress.com/ (17.01.2011) Басқаны қайдам, мені блогтың атауы бірден елең еткізді. Нұржанның блогы да бастапқыда өз шамасын байқап көру үшін ашылған тәрізді. Жаңа жазбалар көрінбейді.
  10. http://kakeyjanjun.wordpress.com/ (18.01.2011) Кәкей Жаңжұңұлының кім екенін біле алмадым. Блогына “поэзия” деген бөлім ашқанына қарағанда ақын болуы мүмкін. Алдағы уақытта жазбалар жазып, ойларымен бөліссе, бәлкім бұл блогшының да болмысы бізге анық болар.
  11. http://kharjaubay.wordpress.com (19.01.2011) “Өз тарихымызды өзіміз жазуымыз керек” дейді Қаржаубай Сартқожа. Жарияланған жазбасы көне домбыраның тарихынан сыр шертеді.
  12. http://abayconvict.wordpress.com/ (20.02.2011) Абай Отардың блогы өзінің жеке көзқарастарынан тұрады. Сонысымен құнды. Мәселен, бір жазбасында «Егер ауылды 72-лер ұстайтын болса, тұрғындар кешке таман қорықпай-ақ байланыса алады. Ол үшін көшеге шығып, ысқырсаң болғаны» – дейді олардың братандары 71-лер деп ауылдағы қызықты жағдайды баяндапты.
  13. http://jandosom.wordpress.com (19.01.2011) Аялдама.kz блогының иесінің “Гигок гигок уалалайавпваавпвасми павапв” деген жазбасы ерекше назарымды аударды.🙂 Блогта ұлттық мәселеге қатысты бір-екі жазба жарияланған.
  14. http://medetzhan.wordpress.com/ (22.01.2011) Бұл блогтың авторы 31-телеарнадағы “Информбюро” жаңалықтарының жүргізушісі. Журналист әріптесіміздің блогында оның тарихшы бола тұра, журналистикаға қалай келгенін баяндайтын қызықты жазбалары жарық көріпті.
  15. http://akkyz.wordpress.com (24.01.2011) Бұл блогтың да иесі – журналист. “Түркістан” газетінің тілшісі Динара Мыңжасарқызы алғашқы жазбаларының бірінде не себепті “Аққыз” атанғанын түсіндіріпті. Блогында журналистің қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты жеке ойлары да жарияланып жатыр.
  16. http://askarmb.wordpress.com (25.01.2011) Блогтағы жазбаға қарап отырып, “Кәусар Саяхат” қажылық фирмасының блогы деп ұқтым. Қателескен болсам, түзетіп қойыңыздар.
  17. http://muqan.wordpress.com/ (25.01.2011) “Бұл менің  “Ұлттану” деп аталатын блогым. Мұнда қазақтың құндылықтары, олардың жаңа заман көшіне ілесе дамуы жөнінде сөз болады” дейді Шыңғыс Мұқан есімді блогшы.
  18. http://syrlasu.wordpress.com/ (30.01.2011) “Бар сырымызды ақтарып елге жаймасақ та, сәл де болса мазалап жүрген, күйбің тірліктегі күнделікті кездесетін ойларымызбен бөлісуге шақырамындейді Сырласу блогының авторы.
  19. http://bekmur.wordpress.com/ (31.01.2011) Блогта ешқандай жазба жоқ екен. Бірақ блог авторының қазақ интернетінде болып жатқан жайттарға бей-жай қарамайтыны анық🙂

Мен байқаған блогтар осылар. Назарымнан тыс қалғандары болуы мүмкін екенін де ұмытпағайсыздар. Блогшыларға сәттілік тілеймін! Әрі наурыз айына жоспарлап отырған Блог Құрылтайда кездесерміз деп үміттенемін!

2 thoughts on “06.QB: Мәжіліс депутаты блог бастады

  1. Ашылған блогтардың дені журналистерге тиесілі екеніне қуанып отырмын!!! Алға! (Козловтың немесе Азиаданың ұраны емес, просто сондай сөз :-))

    • Тіркелген блогшылар саны көбейгені жақсы екен. Тек ашып қана қоймай, жүргізсе… басындағыларымен бөліссе, қазақша ойлайтын санада дамыған үстіне дами түседі.

      Рахмет Асеке, осы постыңыз ай сайынғы шығатынын білетін постым😉

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s