Жан туралы


Look! What are you doing? Stop this bot! Катег...

жан-жағыңа қара!

Жанды түсіну қиын… Әсіресе, өз жаныңды. Білмеймін. Мен үшін қиын. Бірақ жанның сұралатынына сенемін. Жан – Жаратқанның мүлкі екеніне иланамын.

“Қазақ тіліндегі жанға қатысты сөздерді жинап көрсем” деген ой Ғазалидің шығармасын оқып отырғанда келді ғой деймін. Көшеде, үйде, отырыста есіме сөздер түссе, яки естігенімді телефоныма түртіп алатынмын. Сөздікті қарай салуға да болатын шығар. Еріндім бе, әлде өзімде қандай сөздер жиналар екен деген қызығушылық болды ма, кітапты ақтармадым. Әзірге жиналғаны осы ғана.

Сөздерді бір категория бойынша топтастырсам деп те ойладым. Бірақ бір сөздің өзі көп қырлы болып шығады. Әрбір сөзге үңілген сайын күнделікті аузымыздан түсіп жақтан тіркестердің бұрын байқалмаған мағынасы көрінеді екен. Мақпалдың да бір жазбасы осы тақырыпқа арналған еді.

Бұл сөздер, тіркестер сөйлем ішінде айтылса, жан ұғымы ерекшелінбей қалатын сияқты. Жеке-дара жазып отырмын.

Жаны жайсаң
Жаны жай таппады

Жан жылуы
Жаны жәннатта
Жан-жануар
Жан жарасы
Жаны тәтті
Жанкешті
Жаны ауырды
Жанашыр
Жан бағу
Жан азабы
Жан түршігерлік
Жансыз
Жандандыру
Жан алысып, жан берісу
Жаным – арымның садағасы!

7 thoughts on “Жан туралы

  1. Жан талас
    Жан баласы (Адам баласы)
    Жанданды (Жаңару)
    Жан кірді (Жанданды, Жаңарды)
    Жан шықты
    Жанымдай (жақсы көру)
    Жаным (жақсы көру)

  2. “Ақыл мен жан – мен өзім, тән менікі, “Мені” мен “менікінің” мағынасы екі” дейді ғой Абай. Маған жан құдайдың аманатқа тапсырған бір “компасы” сықылданып тұрады. Оның заты ғарыштан сияқты

  3. Жан сөзі арабша ”cnn” түбірінен келеді екен. Мағынасы “бар екені белгілі, бірақ көзге көрінбейді”. Яғни ішімізде жанымыз бар екені белгілі, бірақ көре алмаймыз. Және бұл түбірден келетін бірнеше сөз бар. Cennet – үстінен қарағанда ағаштардың арасынан көрінбейтін жер, cenin – жатырдағы эмбрион, cin – бар екені белгілі, көрінбейтін рухани жаратылыстар, яғни жындар. Ең бастысы Canan – “сүйікті” деген сөз, бар екені белгілі, көрінбейтін сүйіспеншілік. Canan деп Аллаһқа айтылады.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s