Блог құрылтайға келесің бе?


Ақылдаса келе, блогшылардың кездесуін Алматыда өткізетін болып келістік. Негізгі мақсатымыз бір-бірімізбен жүздесіп, пікірлесуден бөлек, өзара тәжірибе алмасу болғанын жөн көрдік. Сондықтан да BlogCamp форматында өткізсек дейміз.

Қысқаша ғана BlogCamp форматы туралы Бақытгүлдің сөзімен түсіндіре кетсек:

1. Ең алғаш қызығушылық танытқандардың бәрі сайтқа тіркеледі.
2. Сол жерде пікірталас жүргізіп, виртуалды бәрін ұйымдастырады.
3. Баркемп туралы мәліметті өз блогтарында жариялап, хабардың таратылуына үлес қосады, достарын, таныстарын т.б. баркемпке қатысуға шақырады, шетелден немесе басқа қаладан келгендерге баркемп кезінде тұратын үй табуға көмектеседі немесе ұсынады, бірігіп спонсорлар табады (иә табуға көмектеседі).
4. Бірінші рет баркемпке қатысып отырғандар өздері иә біреумен бірлесіп презентация жасайды.
5. Сайтқа тіркелгендер өздерінің презентация тақырыбын ұсынады, сонымен бірге қандай тақырыпта презентация тыңдағылары келгендері туралы да жазады.

Бұл тақырыпта Әлияның да бірнеше жазбалары бар. Мынау біздердің (Бақытгүл, Қуаныш) 2008 жылы Латвиядағы Баркэмпке қатысқан кезде түскен суретіміз. Өте қызық өтіп еді.  Содан бері әлемнің әр елінен блогшылармен танысып, достасып кеттік.

Негізі блогшылардың басын қосу әркімнің де болса, көкейінде жүрген ой екені сөзсіз. Бұған дейін бірнеше блогшылар бұған жазба да арнағанын көргенмін. Өркеннің де жазбасына пікір қалдырғандар мұндай кездесудің қажет екенін көрсетті. Әрі ұлтшыл азаматтардың да мұндай іске бей-жай қарамайтыны қуантты.

Ендігі кезекте ұйымдасып, осы істі қалай да жүзеге асыру керек болып тұр. Қатысушылар санының аз көптігіне қарамастан ұйымдастыру ісі өте қиын екенін жақсы білемін. Үйінде той өткізіп, қонақ шақырған әр қазақ бұны жақсы түсінетін сияқты 🙂

Бүгін KIMEP ұжымымен келістік. Олар қолдап отыр. Тек күнін алдын ала бекітіп, біздер үшін залдарды алып қоймақ. Сосын ресми хат жолау, анау-мынау жұмыстар бар. Одан бөлек тағы көптеген жұмыстар алда күтіп тұр. Ол жайлы dabai.kz-тегі жазбаға жазып едік.

Алматыда наурыздың 19-20 күндері (сенбі және жексенбі күндері) өтетін BlogCamp: Блог құрылтай 2011 іс-шарасына қатысқысы келетіндер, dabai.kz сайтындағы тіркелу формасын қарап шығып, сол жердегі жазбаларды қадағалап жүрсе деген өтініш бар.

Пы.сы. …Қазақ блогшылары дегенде тек қана блог жүргізіп, ойларымен бөлісіп жүрген белсенді интернет қолданушыларды ғана емес, интернеттің қазақ мүддесі үшін жұмыс істеуіне бей-жай қарамайтын жандардың бәрін айтып отырмын.  Ой бөлісейік, кездесейік 🙂

Advertisements

6 thoughts on “Блог құрылтайға келесің бе?

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s