Блогымдағы сөздерді қалай қазақшалаймын?


“Блогтың сыры иесіне мәлім” демекші блогыңыздағы сөздердің қандай мағына беретінін де сіз жақсы білесіз. WordPress.com блогтұғырын қазақшалап жатқанымызға бірнеше жыл болып қалды. Аудармаға үлес қосып жатқан блогшылардың бәріне (шамамен 15 блогшы) барлық қазақтілді интернет қолданушылар үлкен алғыстарын білдірер деп ойлаймын.

Келісемін. Бір аударма сәтті, енді бірі сәтсіз шығып жатыр. Біріне көзіміз де, етіміз де үйреніп кетті. Қазақ тілінде жаңа медиаға қатысты жаңа сөздерді ойлап табу сөздердің баламасын табу оңай емес екенін түсініп, сабырлық танытып жатқандарыңызға рахмет. 🙄

WordPress.com да бір орында тұрмай, үнемі жаңаланып жаңа қызметтер үстеген сайын блогымызға шетелдің сөздері өрмелеп кететіні бар. Біреуге ұнайды, біреу түсінбегендіктен, блог жүргізуге қиналады. Тиісінше әр блогшы өзінің блогының келбетін де қалауынша таңдайды.

Айтайын дегенім, “Блогымдағы ағылшын тіліндегі сөздің қазақшасы былай болғаны жақсы болар еді” деген ой санаңызда жылт етсе, блогыңыздағы сөздің ағылшыншасы мен көргіңіз келетін қазақша баламасын осы жазбаның астына пікір ретінде қалдыруыңызды сұраймын.

Мәселен, search here – іздеу

WordPress.com-ның аударма бөлімінен өкінішке қарай, қай сөздің (белгінің, сөйлемнің, тіркестің т.с.с.) қай жерде қалай жарияланып тұратынын көре алмаймыз. Бірақ кез-келген уақытта өзгертіп дұрыстай аламыз. Сондықтан блогты үнемі қолданып жүрген қолданушы өз блогындағы әлдебір сөздің қандай мағынада қолданып тұрғанын жақсы біледі.

Бір ескертетінім, блогтағы сөздерді ауыз екі немесе әдеби стильге салып аударуға болмайды екен. Себебі кейбір сөздер аутоматты түрде келесі бір сөздің орнына түседі. Әрі ауыз екі стильдегі сөздің аудармасы сіздің блогыңыздың келбетіне сәтті келгенімен келесі біріне келмеуі мүмкін. Сондықтан сөзбе сөз аудармасын емес, қолданылуына қарай мағынасын түсіндіретін баламасын берсеңіз орынды.

Егер өзіңіз де аудармаға үлес қосамын десеңіз, WordPress.com-ды қалай қазақшалауға болатынын тағы бір еске сала кетейін:

1. http://translate.wordpress.com/projects
2. WordPress.com
3. Kazakh
4. аударма барысында %1$s>%2$s деген тәрізді белгілер кездесуі мүмкін. Оларды сол күйінде қалдыру керек. Алып тастауға болмайды. Бұл белгілердің орнына кейін қолданушының аты немесе блогшының аты түсуі мүмкін.

Пысы: Дәл осы сағатта 10470 стрингтің (ол белгі, сөз, сөйлем, сөзтіркесі болуы мүмкін) 2325-і аударылды. Енді 8145 стрингті аудару керек екен. Бәрін аудармасақ та көзге күйік болып тұрған, әрі блог жүргізуде түсініксіз болып жатқан сөздерді аударып алсақ жаман болмас еді. Бірінші блогтың келбетін ретке келтірейік, бұдан соң ішкі интерфейстің сөздеріне қатысты ұсыныстарыңызды білдіресеңіздер жақсы болар еді.

3 thoughts on “Блогымдағы сөздерді қалай қазақшалаймын?

  1. Сосын, пікір жазатын жердің айналасында біраз ағылшынша сөздер тұр, көзге күйік қылмай соларды http://translate.wordpress.com/projects-тің ішінен тауып, әкесін көзіне көрсетіп тұрып аударып қою керек екен. Бірақ, бұл әртүрлі келбеттен ұқсамай кететін болар деп ойлаймын, оның үстіне ол жаңаланып отырады.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s