Журналистің электронды құралдары


Тақырып “журналистер үшін” деп меңзегенімен, заң бойынша Интернет ресурс БАҚ-қа жататынын ұмытпайық!

an incon to indicate that there is a widget. s...

Wikipedia тауып берген сурет

Жаңа жылдық демалыстардан соң жұмысқа бірден кірісіп кету қиындау болар. Жұмыстарыңызды сәл де болса жеңілдету үшін өзім қолданып көрген  (кейбіреулерін қолданып та жүрмін) бірнеше құралдармен бөліскенді жөн көрдім.

ЕСКЕРТУ: дені ағылшын тілінде. Бірақ жүктеп алып орнату еш қиындық туғызбас деген үміттемін.

  1. ПОШТА:  gmail.com – артық суреттерімен, спам хаттарымен мазаңызды алмайтын Google компаниясының пошталық қызметі қазақ тілінде хат алмасуға  мүмкіндік береді. Әрі төменде келтірген көптеген онлайн қызметтеріне оңай тіркелуге себепші болады.
  2. ПЕРНЕТАҚТА: keybr.com – пернетақтада саусақтарыңыз жылдам жүгіріп жүрсін десеңіз, осы құралмен күн сайын 5-10 минут жаттығып тұрсаңыз болады.
  3. БРАУЗЕР: mozilla – шолғышының қазақша нұсқасы бар. Әрі қосымша үстемелерді жүктеп алсаңыз, біраз уақытыңыз үнемделеді. Мәселен, поштаны ашып жатпай-ақ бірден тексеретін, емле қатесін тексеретін т.б. көптеген бағдарламалар бар.
  4. ҚҰЖАТ ӨҢДЕУ: toolkit – аударма жасауға, әрі жеке аудармашылық сөздікті қалыптастурға арналған ресурс. Бұл құралға кейін арнайы тоқталуым керек. Себебі интернетте қазақ тілінде контентті молайтуға қосар үлесі зор.
  5. ҚҰЖАТ ӨҢДЕУ: zamzar.com – сипаты әртүрлі файлдарды қажетті қалыпқа өңдеп береді. Мәселен, doc файлдарды.
  6. ҚҰЖАТ ІЗДЕУ: google desktop – компьютердегі құжаттарыңның қайда, қашан, қай жаққа сақтап қойғаныңды білмесең, ал бастығың тезірек тап деп жатса, осы құралды жүктеп алып, орнатуға кеңес беремін. ctrl батырмасын екі рет шертіп, кілт сөз арқылы іздеген құжатты тауып береді.
  7. МӘЛІМЕТПЕН БӨЛІСУ: twitter – өзіңнің жеке “интернет агентіңді” сайлап алу үшін пайдалы. Twitter-ден өзіңе пайдалы болатын қолданушыны тауып алсаң болғаны. Ол ойларымен, мәліметтерімен тегін бөлісіп тұрады.
  8. МӘЛІМЕТПЕН БӨЛІСУ: bit.ly – сайттардың сілтемесімен тез, әрі оңай, әрі қызықты бөлісу үшін.
  9. МӘЛІМЕТПЕН БӨЛІСУ: murl.kz – twitter т.б. шектеулі белгілермен жылдам хабар алмасатын құралдарға арнап, сайттардың сілтемесін қысқартып береді.
  10. СУРЕТ ӨҢДЕУ: gickr.com – онлайн жыпылық сурет (хмм, енді gif файлды дегенді түсіндіре алдым ғой деймін) жасауға арналған ресурс. Блогымдағы dabai.kz баннерін соның көмегімен жасадым. Бар болғаны комптағы суреттеріңізді жүктейсіз, бірер секундта жыпылық суретіңіз дайын!
  11. СУРЕТ ӨҢДЕУ: image resizer – суреттерді тез арада өңдеп, көлемін кішірейту керек болса, осы құралды жүктеп алсаңыз болады. Кейін суретке тінтуірді апарып, оның оң жағын шертіп барып, суреттің көлемін тез арада кішірейте аласыз.

Пысы. Егер бұл жерде аталмаған, алайда өзіңіз білетін қосымша ресурстар болса, бөлісе отыруларыңызды сұраймын.

6 thoughts on “Журналистің электронды құралдары

  1. тууу, жарқырап алдымнан әлем ашылғандай болды ғой!))) Біз (өзімді айтам) тек интернетке кіріп-шығып, табалдырығын тоздырып жүр екенбіз. Бай тәжірибеңмен бөліскенің үшін үлкен рахмет!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s