5.QB: Желтоқсанда тіркелген қазақша блогтар


Шілдеден бері 2010 жылдың соңына дейін WordPress.com қазақша нұсқасында ұзын саны 114 блог тіркеліпті. Жалпы WordPress.com-да тіркелген қазақша блогтар саны бұдан бірнеше есе көп болуы мүмкін. Өкінішке қарай, әзірге оларда жарияланған жазбалар негізінде белсенділіктері қандай болғанын анықтай алмай отырмын. Егер RSS негізінде анықтайтын арнайы бағдарлама болса, бөлісулеріңізді сұраймын.

Төменде назарыма іліккен желтоқсанда (2010 жыл) тіркелген 12 блогты таныстырғалы отырмын.

1. http://fashionkz.wordpress.com/ (03.12.2010 ) қазақ тілінде сән әлеміне қатысты ойларымен бөлісіп жүрген блогшы аяқ киімнің жақсы жаманы мен үлбіреген әлемнің жаңалықтарын жазып жүр.
2. http://jandosul.wordpress.com/ (06.12.2010) “Менің жазбаларым” деп аталатын блогтағы осы күнге дейінгі жариялаған жазбалардан автор блогты өз-өзіне есеп беру үшін бастаған күнделік деп ұқтым.
3. http://ertegiler.wordpress.com (09.12.2010) “Ертегі” деген сөздің ауыспалы да тура мағынасы бар десек, автор өзі туралы жазбасында тура мағынадағы сюжеті таңғажайып, сиқырға толы әдеби-көркем шығармаларды” жариялаймын депті. Бірақ арасында балалармен қатар ересектерге арналған қорқынышты ертегілер де кездеседі.
4. http://katibaldi.wordpress.com (10.12.2010) шымшыма жазбалаға толы блог автордың айналасындағы оқиғаларға қатысты жеке көзқарастарынан тұрады.
5. http://tuspalsoz.wordpress.com (16.12.2010) әдеби ортада ақындығымен танылып үлгерген белгілі журналист Мұрат Есжан блогты ашуға қатысты ойын былай түсіндірген: “Бұ шіркінді ашудағы негізгі мақсатым – ойда жоқта келіп қалатын, сосын қайда түсерін білмей, қайтып кетіп қалатын ойларымды көппен бөлісу.”
6. http://kazwebnet.wordpress.com (17.12.2010) IT юзер блогы көбіне ақпараттық технология мен қазақ интернетіне қатысты жазбаларға толы болады деген үміт бар. Әзірге электронды поштаны қалай бұзып кіруге болатын жазбамен ғана көз қуантып тұр.
7. http://kasymbek64.wordpress.com/ (21.12.2010) “Айналайын” атты тақырыппен блог ашудағы мақсатын

Елімнің ұл мен қыздары,
Ұлтымның ерке ұрпағы!
Сендермен жаны –  мөлдір шық,
Жүрегімді ашып сырлассам,

деп өлеңдете жырлаған автордың осы уақытқа дейін жаряланған жазбалары ұлттық танымды саралауға бағытталған.
8. http://aydos84nayman.wordpress.com (22.12.2010) Айдостың блогы 2008 жылы тіркелгенімен, екі жылдан кейін желтоқсанда ғана қолға алған сыңайлы. Әзірге Айдос өзі жайлы мәліметпен бөлісіпті.
9. http://hantagi.wordpress.com (23.12.2010) Хантағы – Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі елді-мекен екен. Автор бір жазбасында Хантағы өзенінің сурет жариялаған. Осы уақытқа дейінгі жазбаларының денін ислам дініне қатысты ақпараттық-танымдық мақалалар құрайтынын байқадым.
10. http://arabsha.wordpress.com (25.12.2010) ашылғанына әлі он күн болмаса да “Бала бүргенмен Араб тілі” блогында 29 жазба жарық көрді. Жазбалар Араб әріптері, тәжуид сабақтары т.с.с. деп оқырманға ыңғайлы болуы үшін категорияларға бөлінген. Сабақтармен қатар өз бетімен араб тілін үйренушілерге арнайы жаттығулар да ұсынған.
11. http://hairat.wordpress.com (28.12.2010) Махаббат, сезім тақырыптарына арналған блогта көбіне өлеңдер жарияланыпты. Блог авторы өзі жайлы көп мәлімет бермепті. Десе де сезімнің адамы екені сөзсіз болар.
12. http://kuattro.wordpress.com/ (29.12.2010) “Қуаттың блогында” әзірге жазбалар жарық көрмеген.

Пы.сы. Бұдан бөлек өткен айда белгілі журналист Кәмшат Тасболат жеке блогын тіркеді. Әрі Аршат қазақ блогтарының басын қосатын арнайы “Dabai.kz” атты блогтұғырды іске қосты.

5 thoughts on “5.QB: Желтоқсанда тіркелген қазақша блогтар

    • Сіздікі ерлік екен, Көкбөрі! Бастамаңыз жайлы блогыңыздан оқып, қуандым! Жарайсыз!!! Бәріңіздің бірген түскен суреттеріңіз бар ма?🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s