ҚАЗЖУР: студенттердің блогтары. АРБ!


студенттермен танысу сәті

танысу сәті

Кеше “Блог: журналистика” (Blogging Journalism) пәнін таңдаған студенттер емтихандарын тапсырды. Соңғы сұрақ шығармашылық сұрақ болған соң, жазғандарын оқыдым. Алғашқы күнгі сабақтарда студенттерде мәселені сыни және аналитикалық тұрғыдан қарастыру жағы ақсап жатқанын байқағанмын. Батыста арнайы пән ретінде оқытылатын бұл салаға бізде өзгелері қаншалықты көңіл бөлетінін білмедім. Бірақ журналист үшін бұл екі қасиет ауадай қажет. Сондықтан оларға блогтың қалай ашып, тіркеуден бұрын, жаңа медиаға қатыстының бәрін оқырман көзімен емес, журналист көзімен қарауына баса мән беру керектігін түсіндіруге тырыстым.Емтихан жауаптарында студенттер бұрынғыдай романтикалық ойларға берілмей, сараптап жазғандарына риза болдым.

Бір семестрлік курс барысында маған бәрінен де  “Идея мен деталь” тақырыбына қатысты “Таксистпен әңгіме” тапсырмасын орындағандары есімде сақталып қалды. Шынымды айтсам, бұл тапсырманың нәтижесі қызықты жазбаларға арқау болады деп ойламадым. Ең бастысы студенттер күнделікті жағдайға журналист тұрғысынан қарап үйрене берсін дегенмін ғой.

Тапсырма бойынша студенттер бір апта ішінде Алматы қаласында бір таксиге отырып, таксистпен әңгімелесуі керек. Әңгіме барысында детальдарға мән беріп, нәтижесінде өзіміздің ішкі әлеуметтік желіге жариялауы тиіс еді. Әр студенттің мінген таксилерінің бағыты бір болғанымен оқиғалары әртүрлі, әрі өте қызық болып шықты.

Бір студентім осы уақытқа дейін Алматыда таксиге мініп көрмепті, енді бірін бір пысық алып қашып кете жаздапты-мыс. Сосын студенттерімнің денін таксистер тегін таситынын біліп қалдым.

Бұдан бөлек министрлердің блогтарын сүзіп шықтық. Ойға алған автобустан tweet зерттеу енді алдағы уақыттың еншісінде қалды.

Төменде курсыма қатысқан студенттердің блогтарын таныстырып отырмын.

Абай http://abaikz.wordpress.com
Айжан http://kerbez.wordpress.com
Айжанат http://kuysandik.wordpress.com
Айнұр http://rakisheva.wordpress.com
Айша http://aishakz.wordpress.com
Ақбаян http://ulykobda.wordpress.com
Альмира http://ulytaukyzy.wordpress.com
Асқарбек http://askarbek.wordpress.com
Ая http://ayabegim.wordpress.com
Ботакоз http://botakoz.wordpress.com
Жансая http://zhanninsayasi.wordpress.com
Маржан http://marzhankz.wordpress.com
Мәдина http://kalynbayeva.wordpress.com
Мейіржан http://kazprose.wordpress.com
Наурызгүл http://arisarui.wordpress.com
Нұрлан http://almatiulani.wordpress.com
Нұршапағат http://nurshapagat.wordpress.com
Олжас http://nuryaskan.wordpress.com
Роза http://rozkabai.wordpress.com
Сәния http://tynyk.wordpress.com
Сымбат http://korkem.wordpress.com
Толғанай http://tolganay.wordpress.com
Ырыс http://kuralas.wordpress.com
Шынаргүл http://shynarzhan.wordpress.com
Үмбетәлі http://umbetaly.wordpress.com

пысы. 15 апта бойы бірге болған студенттерге үлкен алғысымды білдіргім келеді әрі алдағы оқуларына үлкен табыстар тілеймін!!!

пысысы. Университет студенттерімен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік тудырған Ғалия апай мен Қарлыға апайға да шын жүректен алғыс!!!

12 thoughts on “ҚАЗЖУР: студенттердің блогтары. АРБ!

  1. Ең алдымен, алғысты Сізге айту керек ағай!:)) 15 апта бойы әр сабақты қызықты да мәнді қылып өткізгеніңізге, тек блог емес, жалпы журналист, адам ретінде берген сабақтарыңызға мың да бір алғыс! Әр сабағыңызға үлкен дайындықпен келіп, әрбірімізге сыйластықпен қарағаныңыздың өзі бізге үлкен сабақ болды. Ең бастысы, өз басым Сізден адамдарға деген мейірім, сыйластық, достық, өмірге деген әрқашанда оң көзқарасты, талпыныс пен ерінбей еңбек ету керек екендігін түсініп, үйрендім. Мұның бәрін сабақта тура айтпасаңыз да, біз бәрін түсініп отырдық, сол үшін Рахмет дегім келеді:))

    • Сәлеметсің бе Асхат! Иә, Айжан дұрыс айтады, бұл біздің емес өзіңнің еңбегіңнің жемісі. Ұстаздық жолыңа әрдайым сәттілік тілеймін! 15 аптаның ішінде студенттердің жаңа медианы жақсы меңгергендері ашқан блоктарынан байқалып тұр. Бір пәннің көмегімен ашылған 24 блок жаңа медианы меңгерген жас толқын санының күн сайын артып келе жатқанын аңғартады, бұл қуанарлық жағдай. Әрине мұнда өзіңнің қосқан үлесің зор. Білімді шәкірттерің көбейе берсін! Аллаһ тағаланың нұры жаусын!
      Студенттердің қаламдары шыңдалып, болашақта қазақ журналистикасының жарық жұлдыздары болсын!

  2. Асхат ағай, сізге де үлкен рахмет! 15 аптаның ішінде сізден тек журналистиканың қыр сырын ғана емес, өмір сүруді үйрендік. Аянбай еңбектенуді, біреуге кесіріңді тигізбеуді, досыңа әрқашан көмек беру, әділ болуды… Сенбіден сенбіге жетуге асығатынбыз. Сізге, қатты бауыр басып қалыппыз=)))
    КазНУ – ге қонаққа келіп тұрыңыз))

  3. Асхат ағай, сізге мен де шын көңілімнен алғысымды білдіремін! Жаңа медия атты әлемнің есігінің тұтқасынан ұстатқаныңыз үшін! Алдағы уақытта да байланысымыз үзілмесін! Жаңа бастамалардың басында болайық!

  4. Алла разы болсын, сізге, ағай! Осымен екінші рет сабақ алдым сізден! Ризашылығымды білдіремін!

  5. Алтынның қолда барда қадіріне жете бермейтініміз қандай өкінішті. Былтырғы дәрістер көкейімізде сайрап тұр. Еңбегіңіз жана берсін, Асхат ағай!

  6. “Жамандықтың арасынан да жақсылық таба білетін адам” деген сөзді естіп ем бұрын. Сіз сондай жансыз! Еткен еңбегіңіз үшін алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Алла разы болсын!

  7. Ағай, сізге көп рахмет, разымын!
    Өкінішке орай, ҚАЗЖУР студенттері блогтары арасына менің блог-адресім тұрмақ, менің аты-жөнім де кірмей қалыпты.

    • Ескерткенің жақсы болды, Ырыс! Қосып қойдым. Шамасы гугл құжатқа енгізілмей қалған ғой. Барлық блог тізімді сол жақтан алып едім.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s