4.QB: Қарашада 9 жастағы бүлдіршін блог бастады


Лашын - интернетте өз ойларын жазып жүрген 9 жастағы блогшы

Лашын - интернетте өз ойларын жазып жүрген 9 жастағы блогшы

Әдеттегідей өткен айда тіркелген блогтарды таныстырғалы отырмын. Қарашада тіркелгендердің бәрін таныстырып болмағанымды бірден ескерткім келеді. Ең үлкен блогтардың тобына Блогтық журналистика курсы барысында ашылғандар бар еді. Бұйырса, оларға арнайы бір жазба арнаймын!
Қараша айында Қазақ блогосферасы төмендегідей 12 жаңа блогпен толықты:

  1. http://nurka97.wp.com (05.11.2010) “Блогыма пікір жазғандар алғысымды алыңздар,Жазбағандар салпыйып қалыңыздар!” деп өзін таныстырған блог авторының есімі – Нұрбек. Моңғолиядағы Баян Өлгий аймағындағы мектептің 8-сыныбында оқиды.
  2. http://ushkin1.wp.com (03.11.2010) Мейіргүлдің “Ұшқын” атты блогынан шынайы азаматтық үнін естуге болады. Блогыма сонымен қатар қазақ әдебиетінің туындыларын да жариялап жүр.
  3. http://ulykbek.wp.com/ (04.11.2010) Ұлықбек Алиакбарұлының блогы Ислам дініне қатысты мәліметтермен танысқысы келетін жандар үшін пайдалы ресурсқа айналады деп үміттенемін. Қазірдің өзінде бірнеше қызықты жазбалар жарияланған.
  4. http://lashka.wp.com (18.11.2010) Тоғыз жастағы Лашын Жанарбекқызының блогы. Өзінің айтуына қарағанда Баян-Өлгий аймағының , Өлгий қаласының 1-аға мектебенде 4-(г) сыныбында оқиды. Талабы таудай Лашынға сәттілік тілеймін!!!
  5. http://kalkhanova.wp.com/ (19.11.2010) орыс тіліндегі бір жазба ғана жарияланған.
  6. http://memlekettiktil.wp.com/ (21.11.2010) Астана қалалық Мемлекеттік тіл қозғалысына арналған блог. Блогтың мазмұны да мемлекеттік тілге қатысты жазбалармен толысуда.
  7. http://incorg.wp.com (23.11.2010) In. Center Жастар ұйымы деп тақырып қойылған блогта жазба жарияланбаған.
  8. http://kyzdaralemi.wp.com/ (23.11.2010) Алтыградустың құрбысы, Қисықтың келіншегінің әпкесі ашқан блог қыздарға әдеміліктің шеберханасын таныстырады.
  9. http://saharazada.wp.com (26.11.2010) “Сахаразада” деп аталған блогта әзірге екі жазба ғана жаряланған. Десе де блог қызықты жазбаларға толады деп үміттенемін.
  10. http://xattama.wp.com (30.11.2010) Қазақ интернетіне үнсіз ғана үлес қосып жүрген жандардың бірі – Ерлан Оспан. Техносиндром атымен танымал. Кезекті блогы жиналыстарға арналған. Қазірдің өзінде қызықты жазбаларымен оқырмандарын тауып үлгерді.
  11. http://baltakol.wp.com/ (30.11.2010) Балтакөл ауылында дүниеге келген блогшы журналист болмаса да шамасы келгенше қазақ тілінде мәліметтердің санын көбейтуге үлес қосуды көздеп блог ашыпты.
  12. http://jetpsnuer.wordpress.com (30.11.2010) “Гүлстан” Республикалық ғылыми-танымдық көпшілік журналы. Гүл өсірудің қыр-сырына қанығармыз деп ойлаймын.

Өзге айлармен салыстырғанда қарашада тақырыптық блогтардың көптеп тіркелгеніне қарағанда олардың уақыт өте келе өз алдына бөлек жобаға айналу мүмкіндігі көбірек болатын тәрізді. Барша блогшыларға сәттілік тілеймін!!!

9 thoughts on “4.QB: Қарашада 9 жастағы бүлдіршін блог бастады

  1. Жаңа блогшыларға да,жас бүлдіршін блогшыларға да шығармашылық сәттілік тілейміз!!! Ана мына дәу газеттің тілшісімін деп, Алладан кейін айтатыны қазақ интернеті дамымады деп жазып жүргендер өздері бір-бір блог ашып алсаңшы дегенге мысал осы. Бар жоғы 4-сынып оқушысы өз ойымен бөлісіп, блог ашып жатса қазақ интернетінің адымдап алға тырмысып бара жатқанын айтуға тұрарлық екен. Қолдап қолпаштар, ақыл айтып, кәментари жазып ойларын ұшқындауына себепкер болар жандар болса қандай тамаша деп қиялдап қояйық.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s