Қазақ блогшысына заңдарға қатысты 7 кеңес


Creative-Commons-Torte Berlin

Image via Wikipedia

Душанбеде «Медиа құқық» тақырыбында OSI ұйымдастырған семинарда жүрмін. Осы тренинг барысындағы қалыптасқан ойымды жинақтап, ұсынғым келеді. Аршат та кезекті сұхбаттарында блогшылар мен заңнама мәселесін тілге тиек етіпті. Қазақ тілінде блог бастап жүрген әрбір блогшының алдынан ерте ме, кеш пе бұл сұрақтар туындайтындықтан мына бір кеңестерге назар аудартуды орынды деп таптым.

1. Блог – БАҚ па? БАҚ туралы заңға енгізілген өзгеріске сәйкес барлық веб-ресурстар БАҚ деп танылады. Заңда көрсетілген анықтамаға назар аударайық: Бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны; (Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 ж. 23 шілдедегі № 451-1 Заңы (2009.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен). Яғни, блог заң тұрғысында БАҚ туралы заң бойынша да қарастырылады.
2. Блогқа жарияланған әрбір жазба үшін блог авторы жауап береді. Бұл жазба авторлық емес, бір жерден көшіріліп алынған болса да, блог авторы жауапты.
3. Блогта жаряланған пікірлер (комментарийлер) үшін блог авторы жауап береді. Қазақстан да қабылдаған Халықаралық заң нормалары бойынша егер әлдебіреуден блогыңыздағы пікірді алып тастау немесе өзгерту жайлы өтініш келіп түссе бір күннің ішінде орындаған абзал.
4. Блогыңызда жарияланған бейәдеп сөз үшін бұзақылық бабымен әкімшілік жазаға тартылуыңыз мүмкін. Осы айда украиналық интернет қолданушы форумда айтқан әдепсіз сөзі үшін 15 аптаға қамауға алынды.[орыс. т]
5. Блогыңызда әлдебір азамат жайлы жазған болсаңыз, әрі ол азаматтың шетелде ықпалы басым болса, онда ол шетел соттарына шағым түсіре алады. Мәселен, Лондон қор биржасында акциялар тіркелген қазақтың іскер азаматтары жайлы жазба жарияланса. Қазақ бизнесмені Лондондағы іскерлік беделіме нұқсан келтірді деп Лондон сотына шағымдана алады. Украинаның ең бай адамы Ахметовтың «Обозреватель» сайтымен арадағы дау-дамайы нәтижесінде [орыс.т] Лондон соты Ахметовты қорғап шықты.
6. Ақпарат құралдарынан мақаланы көшіргенде сілтемесін көрсету. Ең болмаса, гиперсілтеме көрсетілгені жақсы, ал заң бойынша газеттің аты, шыққан күні көрсетілуі керек.
7. Кісі атына жала жабу, ар-намысына, іскерлік беделіне нұқсан келтіру еліміздің заңдары бойынша қылмысқа жатқызылған. Яғни, Қылмыстық кодексте мұндай қылмыс үшін бір жылға бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. Үкіметтік емес ұйым өкілдері сондықтан да бұл бап сөз бостандығын шектейді деп санайды. Бұл заң бабы Азаматтық кодекс бойынша қарастырылса деген базыналарын айтады.

Пы.сы. Әзірге есіме осы жайттар түсіп отыр. Жазбаларыңыздың авторлық құқығын қорғай алудың бір жолы – блогыңызға Creative Commons [ағыл.т] лицензиясының кодын блогқа іліп қою. Creative Commons сайтына кіріп, өз блогыңдағы (интернеттегі) шығармашылықты коммерциялық немесе тегін пайдалансаңыз болады деп жұртқа жариялауға мүмкіндік береді (блогымның оң жақ бағанында тұрған белгі). Қазақстандағы айтулы ақпарат құралы рұқсатымсыз блогтағы жазбамды жарияланғанда осы CC-ға сілтеме жасаған едім. Олар бірден түсінді. Әдетте CC үш түрлі деңгейге (барлық құқықтар қорғалған, жартылай қорғалған, мүлдем қорғалмаған) бөлінеді. Мен әдетте neweurasia жазбасына flickr-дан сурет іздесем CC рұқсаты барларын [ағыл.т] жариялауға тырысамын. Қазақстандағы бір ұйым CC-ді біздің елде заңдастыру мәселесіне назар аудартып жүр. Егер БАҚ-қа қатысты заңнмалардың қазақшасын іздеген болсаңыз, medialawca сайтынан таба аласыз.

8 thoughts on “Қазақ блогшысына заңдарға қатысты 7 кеңес

  1. Рахмет, рахмет! Блогшылардың қамын ойлайтын адам сендей болсын! Біраз мәліметтерге қанығып қалдым. Кім біліпті, кейін біреуі болмаса біреуі, заңды білмегендіктен жауапкершілікке, жазаға тартылып жатса. Қазақ блогшысы істі болып жатыр дегеннің аты жаман екен.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s