Nokiа “Азияда” атты мобильді картасын таныстырды


Nokia компаниясы жыл соңына қарай Ovi үстеме бағдарламаларының арасына “Азиада” атты қалтафонға лайықталған мобильді картаны қоспақшы.

Астанада осы тақырыпқа арналған баспасөз мәслихатында Nokia компаниясының Қазақстандағы өкілдігі: “Азиада” мобилді қосымшасы Nokia қондырғысын пайдаланушыларға спорттың іс-шаралар туралы және Азиаданың басқа да жаңалықтары туралы білуге, жарыс күндері мен спорттық санаттар бойынша кестелерді алуға мүмкіндік береді” деп мәлімдеді.

Алматы мен Астана қалаларында өтетін қысқы Азия ойындары барысында Nokia телефонын қолданушыларға арнайы карта ұсынылмақ. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі бағдарламалар тегін болатынын хабарлады. “Осындай жобалар арқылы біз программистерді жергілікті қолданушыларға лайықталған бағдарламалар жасаса екен дейміз” деді Карел Голуб Nokia компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы.

Баспасөзге таратылған ресми хабарламада: “Азиада” мобильді қосымшасынан сондай-ақ Ovi дүкенінен жүктеп алуға болатын картада олимпиада ойындары өтетін 12 орынның барлығымен жаяу жүргіншілерге және жүргізушілерге арналған навигацияны пайдалана алады. Ovi карталары арқылы сонымен қатар Facebook пайдаланушылар өздерінің тұрған жерлерін суретке түсіріп, онлайн режимде көрсете алады” делінген.

Nokia телефоны жоқ, яки телефоны смартфонға тобына жатпайтындар картаны nokia.kz сайтынан жүктелетін Ovi Suite көмегімен пайдалана алады.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s