Бауырсақ


– Ағай, бауырсақ қымбаттап кетті, деді алдымдағы келіншекке қамырды өлшеп жатып.

– Қаншаға?

–  Қазір қамыр 400, бауырсақ 500 тұрады. (бұрын бауырсақ келісі 400 тұратын)

– Жақсы. Бір келі аламын

– Күтесіз бе?

– Күтемін. Қазір бір айналып келемін.

Көршісінен шелпек сатып алып, қайта бардым. Алдына екі кісі тұр екен.

– Қамыр сатып алып, үйде пісіре салмайсыз ба? дейді.

Өзі алақандай жерде айналуы да ыңғайсыз екен. Алдында қамыр мен пеш, артындағы үстелде шайнек пен кофе және қант. Бір кезде бір келіншек келіп қамыр алып кетті. Оған әлгі қыз: “Бұл далада ашытылған қамыр. Үйге барған соң әлі ашиды” деп, тәптіштеп түсіндіріп, орап салып беріп жатыр. Алдымда қазақша білмейтін кәріс апа “Бауырсақ берші” деп, 1000 теңгесін ұстап тұр. Бауырсақ пісіруші қыз тек қазақша сайрайды. Кәріс апаға қыздың “Қамыр сатып алып, үйде пісірмейсіз бе?” деген сөзін алдымдағы келіншек аударып берді. Келіншек кетті. Кәріс апа, мың теңгесін қалдырып, сағат жетіде келемін деді. Мен әлі тұрмын.

Қыз жұртқа қамыр салып беріп, қазанындағы бауырсақты төңкеріп,  қамырды кесіп, аузы да самбырлап сөйлеп жүр.

Көрші бутиктен бір кісі стақанын алып келді де, қыздың алдындағы весаға дүңк еткізді. Ішкіш біреу шығар деп тыжырындым. Кофе сұрап келіпті. Қыз арасында кофе, шай сатады екен. Ол ағамыз да бар білген қазақшасымен кофе сұрап алды. Қыз қайнаған су жоқ деп құтылғысы келеді. Анау болмайды. Ақыры ол да 120 теңгесін қалдырып кетті.

Жарты сағатты бауырсақтарым да дайын болды. Иісі мұрын жарады. Өткен ораза айтта да осы жерден алғанмын. Таныстарым тамсанып жеген еді.

– Неғып қымбаттап кетті?

– Ой, аға, қазір май да қымбаттады, аренда төлеу керек. Ол бүгін ғой айт деп жақсы алып жатыр, ертең тынышталып қалады.

– Сәрсенбіде досым келіп тапсырыс береді

– Қанша?

– Білмеймін.

– Ой келіңіз! Сіз постоянный клиентсіз ғой. Сәрсенбіде адам аз болады. Өзім күштілеп тұрып, домалақтап пісіріп беремін.

Бауырсақтарымды көтеріп, базардан шықсам, жұрттың бәрі жеміс-жидек, тәттілерін арқалап кетіп барады. Мерекелік көңіл-күй сезіледі. Жұрттың аузында “Құрбан айт”

Пы.сы. “Аспаздықтың” мәзіріне сүйеніп бауырсақ пісіріп көрем деушілер болса, сілтемесі мында.

8 thoughts on “Бауырсақ

    • Меніңше әр өңірдің бауырсақтарының пішіні әртүрлі болатын сияқты. Біздің жақта (Жезқазған) ромб болатын, Алматы мен оңтүстік өңірлерді осындай пішіндегісін көремін, ал Шығыс Қазақстанда көбіне бауырсақтардың пішіні бұдан да кішкентай болады-мыс…

      • Иә,шығыста ромб тәрізді пысырғанды бауырсақ деп ешқашан атамайды,ол біз үшін “пончик”. Ал бауырсақты орташа етіп,ашытып-ашытпай,одан кейін өте ұсақ “ши бауырсақ” түрінде, кей адандарда жіңішке ұзын түрде кесіп “кітірлек” бауырсақ деп атап, таза майға илеп даярлайды.

  1. Бауырсақтар, бауырсақтар! Үйде анам қамырды ашытқанда 2 дана жұмыртқа және жарты стақан сүт қосып дәмді етіп пісіретін. Бауырсақтың пішініне өзіміз тапсырыс беретінбіз, кейде үлкен, кейде кішкентай… Өлім-жітім кезінде пісірілген бауырсақтар болмаса, той-томалақ т.б қуанышқа жайылған дастарқандағы бауырсақтар жұтындырады ғой адамды… Тух, жегім келіп кетті ғой түн ортасында🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s