Интернетпен ең алғаш танысқан сәтім


Медианет Халықаралық Журналистика мектебіне әдетте журналистиканың қыр-сырын практикалық түрде түсінгісі келетіндер келеді. Бес айлық оқу курсында жаңа медиаға арналған арнайы дәрістер бар. Сол жақта арасында курс ұйымдастырып жүргеніме үш жылдай болып қалыпты.

Биылғы курсқа қатысушылардың белсенділігі ұнайды. Бұрынғы контингенттің дені студенттер мен оқушылар болса, бұл жолы жұмыс істеп жүрген, әрі журналистикадан өздеріне нақты не керек екенін айқын білетін тыңдармандар жиналған.

Алғашқы күнгі танысуымыздан соң (бейнебаянда) жаңа медиа туралы айтып, блог тіркеген едік. Төменде блогтарының сілтемесін көрсетіп отырмын.

Блогтың құпия тетіктерін әлі толық айтып болмадым. Алғашқы жазбалары ретінде Интернетке қатысты қызықты оқиғалармен бөлісуін сұрадым. Бірнеше қызықты жазбалар жарияланды.

  1. Көгершін Съезхан, http://aleumet.wordpress.com
  2. Ай-Керім Самалбекқызы, http://aiaru.wordpress.com
  3. Айгерім Әділханова http://orynbekova.wordpress.com
  4. Майра Сарыбаева, http://mairakyz.wordpress.com
  5. Меруерт Рахмишова http://mikazhan.wordpress.com
  6. Венера Хизатова, http//venuskz.wordpress.com
  7. Бақыт Қасқараулова http://bakhyt.wordpress.com
  8. Aсима Өмірбаева http://kazatk.wordpress.com
  9. Мақпал Берікбай, http://makotl.wordpress.com
  10. Жанар Аймағамбетова, http://zharkhyl.wordpress.com
  11. Сымбат Жылқыбаева, http://symbatkz.wordpress.com
  12. Талғат http://talgakaz.wordpress.com

Пы.сы. Бір оқырман: «Жұртқа несіне блог бастасын деп насихаттайсыз?» деп алдыңғы жазбаның біріне пікір қалдырған екен. Қазір жұртқа өз сайтыңды тегін бағдарламалар негізінде аша аласың десең, Америка ашқан боласың. Қазақстандықтардың IT білімі даму деңгейі жағынан артта қалып келе жатқан елдермен қатарлас тұрғанын айтсаң да жеккөрініштісің. Ал кей таныстарыңнан: «Менің сайтым бар деп, mail.ru-да ашылған поштасын беріп тұрғанда, я болмаса, «маған агент ашып берші» деп телефоныңа хабарласатын туысқандарыңды жолықтырғанда апырым-ай, неге блог ашып алмайды екен деп ойлайсың 🙂 Блог ашып түртініктеп үйренген адам түбі бір сайт ашсам, пайда көрсем (материалдық, я рухани немесе екеуі де) деп армандайтынын байқап жүрмін. Қазақ тілінде жақсылы-жаманды мәліметтердің алмасу қарқыны күш алған сайын қоғамның даму қарқыны да жеделдемек.

Advertisements

5 thoughts on “Интернетпен ең алғаш танысқан сәтім

  1. йә тіл тіл деп қақсағанша.. тіліміздің не бір кереметін айқындап әр кім өз дарын талатын көрсету ұшін блогтың пайдасы кең қулаш…қазақ тілінде кей бір мағулматарды таппай әлексің сосын басқа тілге жүгініп жататынбыз, Қазір қудайға шүкір не іздесеңде жарым жан бірдемелер табылады..солардың біразын блокшылар кіргізіп ұлгерген…

    йә әлемдеге бар қазақ блок ашсада қазақ тіліне кем болмас еді..себебі біз қаншалықты тілдік қуралды қолдана түскен сайын тіліміздің тұғыйықтағы мәрмәр асыл сөздері қалқып су бетіне шыға беретіндігінде ғой

    Блок ашуды қыиын көретін шынында қалай ашатынын білмеитін тіпті блок ашуды мүлдем хабары жоқ ол жақ деген мунут сикунт сайын ақша деп ойлайтындардың музы жібіп,сеңі жүріп бара жатқаны қуанышты..соған себепкер боп жүрген қыз-жігітер жарадыңдар..

    жаңа ашылып жатқан блокшыларға,көш жүре түзеледі тек алға дегім келеді !!!

  2. Кейбір адамдар блогты өз бетімен ашып, жүргізуді үйренеді, ал кейбірлеуерге арнайы үйретеді екен. Медиамектеп тыңдаушыларында жақсы мүмкіндіктер бар.

  3. Асеке, мына ісің маған тағы көмек болды. Өткен ақпарат агенттіктері туралы курс өткізгенде, іс жүзінде сайтпен жұмыс істеуді көрсетуге сәл қиналып едім. Сонда Асекең өз курсында блог ашуды үйретсе деп ойлап едім. Алда журналистік зерттеу, тақырып қою және лид,ақпарат алу бойынша курстарым бар. Сонда сабақта өткенімді осы блогтарына жазу туралы тапсырма беретін болдым.Иа, осы жолғы топ ынталы.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s