Әкешімсіз өткен бір жыл


Өтірік айтады! Қазалы күн алыстаған сайын сағыныш үдей түседі. Бір жыл өте шықты. Тағы да жолға шықтым.  Ағам әкемнің жылын бермек. Мен әкемді менен жақсы танитын достарын көруге бара жатырмын. Алаңдамасын, әкемнің артындағы ізі жоғалып кетпегенін білдіру үшін. Төбемді көрсетпекпін. Әкем – құпия адам болатын. Маған сенетін. Мен де: “Мені ешқашан қалдырмайтын бір жан бар. Ол – әкем!” деген оймен бір мақсаттан, екінші мақсатыма ұмтылдым. Әкем менің тірліктерімнен бейхабар болатын. Малайзияға кеткенімді үнемі басқа елмен шатастыратын. Ригадан қоңырау шалып тұрғанымды айтпайтынмын. Себебі мені ешқашан тексерген емес. “Бәрі дұрыс па?” дейтін. Мен: “Иә” дейтінмін. Арамыздағы ең ұзақ әңгіме 1 сағатқа ғана созылған болар. Мен оған алғаш рет болашақ жоспарларымды айттым. Үнсіз тыңдады. Әңгімені басқа тақырыпқа бұрды. Мен не себепті “діншіл” болып кеткенімді айттым. Сол түні мен бақытты едім. Әкеммен бірге алғаш рет намаз оқыдым. Сәждеге жығылғанда ол не тілегенін білмедім. Мен дұғамның қабыл болғанына шүкіршілік еттім. Әкемнің жаназасынан соң бөлмесіне кірдім. Үселдің бір шетінде мен сыйлаған “Мұсылман қорғаны” жатыр. Алақандай жасыл кітапты қолға алып едім, “Ықылас” сүресі жазылған бет оңай ашылды. Кітапшаның басқа беттеріне қарағанда осы беті қатты кірлепті. Көп оқылыпты. Шүкір еттім. Анамның қазасы әкеме қатты батты. Көзінен түсінетінмін. Мен анамнан айырылдым, бірақ ол жиырма жылдан аса отасқан жарынан және балаларының анасынан көз жазды. Жасырмай бізге айтса ғой, бір жеңілдер ме деп ойлайтынмын. Бірақ ол бізге ешқашан әлсіздігін көрсетпеу керек деп ұғатын. З0-жылдардың зұлматын көрген атамның берген тәрбиесі солай болар. Мен ғой сезімшіл, әсершіл өстім. Кей-кейде өмір бойы шахтаның ауыр жұмысын істеген әкемнің үмітін ақтамағандай сезетінмін өзімді. Мен дүниеге келмей тұрғанда маған қай кәсіпті теліді екен деп ойлаймын. “Өскенде журналист болады” демегені анық. Киімдерінің арасынан бумажнигін тауып алдым. Ішінде түк жоқ. Түкпірдегі бір қалтасынан визитка шықты. Төрт жыл бұрын бір газеттің редактор орынбасары болғанда жасатқан едім. Одан бері талай қызмет ауыстырдым. Сақтап қойыпты. Менің таңдауымды құптағаны ғой. Бізді үндемей жақсы көрді. Мен де сендей әке бола алармын ба, әке? Аллаһ тағала жәннаттын төрін нәсіп еткей!

12 thoughts on “Әкешімсіз өткен бір жыл

  1. кім әкесін қанжығасына байлап жүр дейсің !!
    Бұл сылдырлаған жалған деп қамығамыз..соны бәріміз білемізде .өткенге өкінеміз бірақ заңдылық солай..қолдан келер не шара бар Алла ісіне.. тым қамықпа?
    Нашарлар әлсіздігі кезінде өткендермен үнсіз тілдесіп беймәлім көмек сурайтын сияқты менше?
    Бірақ сенің әкеңдеи әлсіздігімізді білдіртпей жалғанды аямай таптайық ,қане! жасыма еңсеңді тік ұстада .. Алға жігітім!!!

    • Рахмет, ағасы! Бәрі де жақсы. Автобуста ойланатын уақыт болған соң жазғаным ғой. Алаң болмаңыз. Әр нәрсеге дұрыс қараймын. Мүмкін біреуге ой салар деп ойымды жазып едім. Әлсіздік бәрінде бар ғой. Біреу жақсы жасырады, бірі одан жақсырақ дегендей🙂

  2. Сіз расымен де сезімнің адамы екенсіз… Ал сезімнің адамдары бәледен, арамдықтан аулақ болады.🙂 Айтпақшы, меніңше сіз тамаша әке боласыз!

  3. “Артында қалған салихалы ұрпақ болса, ондай мұсылмандардың амал дәптері жабылмайды” деген бар емес пе. Сіздердің жасаған қайырлы әрекеттеріңіз ғой олар үшін ең қуаныштысы.

  4. Әкеңіз намазға жығылып, ақыретке дайындықпен кеткені мың да бір шүкіршілік ететін нәрсе екен. Аллах біздің де ата-анамыз жайлы жасаған дұға, айтылған тілектерімізді қабыл еткей!

  5. Jazbanizdi okip otirip eriksiz kozime jas alip jilap jilap aldim. Men kazir 2 kurs okimin, oilap otirsam menin akem men tura 1 sinipka barrarda kaitis bolipti. Akemdi emis emis kana esimde saktap kalippin. Akewimdi sagindim. Ote katti !!! Jaksi jazba Askhat agai. Alla tagala jasagan dugalarimizdi kabil ete gor. Amin

  6. Әкеңіздің жаны жәннатта және берген астарыңыз қабыл болсын.

    Әкең өтсе де өмірден, көзін көргендер аман болсын деп жатады ғой, сол рас. Әкем менің бір жасымда дүниеден өтті, еміс-еміс есімде қалды деп айтпақ тұрмақ есімді де білмеймін ол кезде. Бірақ сол әкемнің құрдастарынан әкем жайлы естіген сондай бір ғанибет.

  7. Ағай егер сіз әкеңізсіз 1 жылыңызды өткізсеңіз, мен 7 жылымды өткізідм. Мен сізді жақсы түсінемін…Сіз менен әлдеқайда бақыттысыз,себебі әкеңіз сіздің ең болмаса журналист болғаныңызды көрді.Ал менің әкем сол кісінің жолын жалғастырған адамның мен екенін көрмеді. Сол кісілердің жандары жәннаттан болсын. Толқып отырмын…

  8. Жазбаң асқар таудай әкешіңе деген сағынышқа толып тұр. Әкеңнің жасамаған жасын артындағы ұрпақтарына берсін. Асхат, уақыт алда,сен өте жақсы әке болсың!

  9. Ия, әке асқар тау ғой…Әкемді өте қатты жақсы көремін. Мен әкемді жанымда тұрса да сағынып тұрамын…Тек жақсылықтар болсыншы.Кішкентайымнан әкемнің “меншік қызымын” ғой.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s