Worpdress.com: Блог бастайық!


Талдықорғанда тренинг өткізуімізге Бейсен Құранбек ағамыздың өзі тікелей түрткі болды. Мамырдағы Алматыдағы “Мінбер” тренингіне қатысқан ол “Талдықорғанда өткізсек жақсы болар еді” деген еді. Содан қаржы көзін қарастырдық. Жаз айына жоспарланған тренинг қаржы мәселесіне орай күзде өтті. АҚШ елшілігі қаржылай қолдау білдірді.

Сол тренинге дайындық барысында жаңадан блог бастаушыларға оңай болсын деп “WordPress.com: Блог бастайық!” деген кішкентай кітапша әзірлеген едім. Кітапшаны жасауда көрсеткен көмектері мен кеңестері үшін Аршатқа, Тимурға және Нұрғисаға үлкен алғысымды білдіремін. Әрине кітапша әлі де “шикі”. Бұл енді бастамасы деп түсінерсіз🙂

Сонымен талдықорғандық блогшылармен таныс болыңыздар:

  1. “Өмірдің өзегі” Думанның блогы http://dumaizhan.wordpress.com
  2. “Сағыныштың сыр сандығы” http://namazsham.wordpress.com
  3. Нұргүлдің блогы http://nur2608.wordpress.com
  4. Шыңғыстың ойлары http://mediamektep.wordpress.com
  5. Куәгердің блогы http://kuager.wordpress.com
  6. Мақпалдың сөмкесі http://somke.wordpress.com/
  7. Айнұрдың күнделігі http://abdrahima.wordpress.com
  8. Ерланның күнделігі http://ushakpaev.wordpress.com
  9. Мадинаның күнделігі http://madinakh.wordpress.com
  10. Рекордсменнің блогы http://rekordsmen.wordpress.com
  11. Дәуреннің блогы http://dausadu.wordpress.com

Бұл блогтардың барлығы журналистика саласында (бірі журналист, бірі дизайнер т.с.с.) қызмет етіп жүрген жандарға тиесілі. Бірі блогты жеке шығармашылығына арнаса, енді бірі күнделікті мақалаларын ықшамдап ұсынған. Арасында тренингтен бері еш жазба енгізбегендер де бар екен. Бәрінен де Талдықорған тренингіне қатысқан бір қолданушының:

“Осы семинарда уақытты босқа өткізбедім деп ойлаймын. Бірақ, кейін пайдасы тие ме?” деген жазбасы ойлантты.

Блогты ашу, тіркеу соншалықты қиын шаруа емес, оны не үшін жүргіземін, келешекте ол маған пайдалы болады ма деген сауалға жауап табу қиынырақ тәрізді.

13 thoughts on “Worpdress.com: Блог бастайық!

  1. блог ашып алып, одан бір пайда көру қиын ғой. Мысалы, мен үшін уордпресс жақсы адамдардың бас қосқан жері, өзімнің сыр ақтарар құпия орным, ақпарат бөлісі кеңістігі деп қараймын. Менің блогым біреуге пайда тигізеді деп үміттенбеймін де, алайда басқа қолданушылардың жазбаларынан өзіме керек мағлұмат, пайдалы ақпарат алдым🙂 соларға рахмет!

    • негізі сенің блогың да пайдалғы ғой…)))Мәселен, депиляция туралы жазбадан көп пайдалы мағлұмат алдым…)))))))))))))

  2. Мен блогты “менің басым ғана ауырмасын, сіздерде менің проблемаларымды иықтарыңызда ауыр жүк етіп көтеріп жүріңіздер” деп аштым. Жалпы көрген-білген, тапқан дүниелермен, әсермен бөлісу мақсатым.

  3. сәлем !
    неге блогты ашуға (қолдануға, жазуға) соншалықты көп үндейді (-сіздер) ?
    just curious

  4. Кітаптан озиме керекти бираз нарсени алдым. Бірақ әлі піспеген кітіп екен. Болашақта кітіптың екінші томы да жарық көретін шыгар деген үміттемін)

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s