3.QB: Қазан айында 73 қазақша блог тіркелді


A Kazakh let speak with a Kazakh in the Kazakh...

екі қате көріп тұрмын🙂

Қазан айында wp.com-да блог тіркеп, негізгі тілін “қазақ тілі” деп көрсеткен блогтар саны 70-тен асты. Тамыз айында 7, ал қыркүйекте 11 қазақша блогтың тұсауы кесілгенін ескерер болсақ, бұл аса жоғары көрсеткіш.

Алдағы жазбаларда соларға тоқталғанды жөн көріп отырмын. Бұл блогтардың дені “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы өткізген тренингтерге қатысушылар мен әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінің “Блогтық журналистика” курсының тыңдаушыларына тиесілі. Қазақ тілінде тіркелген немесе әуелі басқа тілде тіркеліп, кейін тілін қазақ тілі деп көрсеткен басқа да блогтар болуы мүмкін екенін естеріңізге саламын.

Қазан айының басында ерекше көзге түскен блогтың бірі “Автоказ” – автокөлік жаңалықтарына арналған блог еді.

  1. http://autokaz.wordpress.com/ (05.10.2010) 16-қазанға дейін оқырмандарын қызықты жазбамен қуантқан блог қазір жаңаланбай тұр. Өзінің аудиториясын қалыптастырып үлгерген блог бастапқы қарқынынан таймаса, сөзсіз, сәтті жобалардың біріне айналады деген үмітім бар.
  2. http://gilbertandersson.wordpress.com/ (13.10.2010) ешқандай жазба жоқ
  3. http://bauyrzhankh.wordpress.com (16.10.2010) 1982 жылы 17 қазанда Моңғол жеріндегі Байөлке Қазақ аймағы Қызылқайың ауылында дүниеге келген Бауыржан Қарағызұлы есімді ақынның блогы деп таныстырылған. Блогтың ашылуы ақынның туған күніне орайластырылыпты. Көбіне автордың жеке шығармалары жарық көрген.
  4. http://pazylbek.wordpress.com (18.10.2010) Фазылбек Әбсаттарұлының мақалаларын республикалық басылым беттерінен жиі көретінмін. Блогтағы жазбалардың соңына сол кісінің аты-жөні қалдырылғанға қарап, блогтың иесі де өзі болар деп ойлаймын. Блогта көбіне ұлттық тақырыптағы сараптамалық ойлары жарық көрген.
  5. http://diaoletto.wordpress.com/ (17.10.2010) ешқандай жазба жарияланбаған
  6. http://sousilim.wordpress.com/ (19.10.2010) ешқандай жазба жарияланбаған
  7. http://kukek.wordpress.com/ (21.10.2010) ешқандай жазба жарияланбаған
  8. http://sunkhar.wordpress.com/ (25.10.2010) “Монголияның   Баян-Өлгейінде  1-ші аға мектебінде 10-шы сыныпта оқимын” деп таныстырған қолданушының есімі Сұңқар екен. Автор блогында өзінің күнделікті ойларымен бөліседі.
  9. http://kokjal83.wordpress.com/ (25.10.2010) Блог авторы – Серік Мұратхан. Ол ҚР Денсаулық сақтау минстрлігінің «Республикалық нейрохирургиялық ғылыми зерттеу орталығында” медциналық аппараттардың қолдану бөлімнде бас инженер болып жұмыс істейді. Әйткенмен блог жеке шығармашылығына арналған деуге болады. “Көкжал” блогындағы жазбалардың деніне ұлттық мәселелер арқау болған.

Пы.сы. Сонымен бұл жазбада ешқандай тренингке, курсқа қатыспай өз еркімен ашылған блогтарды таныстырдым. Тәжірибе көрсеткеніндей әдетте осындай блогтар өміршең болады. Себебі өткен айда тіркелген 70-тен аса блогтың тек 10%-ы ғана қазір жиі жаңаланып жүр.

6 thoughts on “3.QB: Қазан айында 73 қазақша блог тіркелді

  1. Қуантарлық жаңалық! Қазақ блогшыларының саны артқан сайын, әрқайсысы қазақ интернетінің дамуына өзіндік үлес қосары анық.

  2. а, құтты болсын! Ата көрген оқ жонар демекші мен де шәкірт тәрбиелеп жатырмын. жақында үш адамға блог ашуды үйреттім. Кереметпін ә!

  3. жаңа блогтардың пайда болуына көбінесе “блогтық журналистика” курсы түрткі болды ғой деймін. Жаңадан қосылғанымен, тез дамып келе жатқан мысалы, “Ботагөздің блогы”, aimauyt, zhanninsayasi, т.б. сияқты блогтардың тууына осы курс себепші болды.

  4. Блогыма қызығушылық танытқандардың көптігіне қуаныштымын. Барлықтарыңызға Автоказдың енді күнделікті жаңаланып тұратынын айтқым келеді. Сондай-ақ тек жаңалықтар ғана емес, Қазақстандық автонарыққа шолу, сараптама жасап отырғанды жөн көрдім. Ой көп, уақыт жетпейді. Бұйырса ойдағылар жүзеге асар деген үміттемін.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s