Мұсылман сәні, халал тіс пастасы, сағызы…


Астанада өткен Халал өнімдердің халықаралық көрмесінде мұсылман қыздардың сәнді киімдері таныстырылды (Дефилье дейді ғой деймін қателеспесем). Көпшілігі іштей қарсы болды. Қарсы болғанда ұйымдастырылуы дұрыс болмаған тәрізді деген пікірлер айтылды. Негізі мұсылман қыздардың сәнді киімдерін сол қыздардың өз арасында көрсеткен дұрыс шығар деген ой келді (төменде видеоны жарияладым).

Ислам діні адамның өмірімен біте қайнасып жатады. Күнделікті жүріп-тұруың, тамақ ішуің, білім алуың т.с.с. барлығы исламмен астасады. Сондықтан айналамда болып жатқан нәрселерді діни түсінігімнен бөліп алып қарастыра алмаймын.

Төмендегі видеода Астанадағы халал көрменің кейбір көріністерін, мұсылман қыздарының киім үлгілерін көруге болады. Біреуге ұнар, біреуге ұнамас. Өйткені кейбіреулер өнер мен күнделікті өмір дегенді шатастырып алады. Бір киімдер арқылы автор өмірге деген көзқарасын көрсеткісі келеді. Ондай киімдерді көшеде ешкім киіп жүрмесі түсінікті. Енді бір киімдер керісінше күнделікті киюге арналады.

Қайткен күнде де көрмеге қатысып, діндегі тазалыққа қарай ұмтылу үрдісі қалыптасып жатқаны қуантады. Көрмеге шетелдің көптеген кәсіпкерлері келді. Ислам экономикасы да қарқын алса дейсің… Себебі Малайзияда жүріп адал сауданың берекесі болатынына көз жеткізген едім.

“Орбит” сағызының Қазақстандағы өндірушілері де “Халал стандартқа” көшіпті. “Сонда бұрын харам ба еді?” деген сауалыма, өкілдік басшысы: “Бұрыннан бері еш зияны жоқ өнім. Тек соңғы жылдары еліміздің кейбір өңірлерінде әлдебір сағыз харам деген сөздер шыға бастаған соң “Халал” стандартты қабылдауды жөн көрдік” дейді (қазіргі “Орбиттің” кейбір орамаларында “халал” белгі бар, кейбірінде әлі жоқ. Бірақ ол бұл саыздар зиян дегенді білдірмейді). Егер осы қарқын жалғасса, “Халал” белгісі бар өнімдер көбейе түсері сөзсіз. Майонез сыртында да “Халал” дегенді байқағанмын. Түбі “халал” брэнді “дені сау” тамақ дегенге айналатын түрі бар. “Халал” стандартты енгізген елдердің дені осы процесті бастан өткерген тәрізді.

Одан бөлек халал тіс пасталарын көрмеде көзім шалды. Сөйтсек, кейбір тіс пастасын өндіруде әртүрлі қоспалар қосатындар да болады екен. Мүмкін алдағы уақытта тіс пастасына арнайы тоқталармын. Себебі өзім де қазір сол пастаны сынап көріп жатырмын🙂 Халал туралы көп жазғым келгенімен, кімнің қандай өнімді тұтынатыны өз еркінде ғой. Десе де айналамызда не болып жатқанын біле жүргеннің айыбы жоқ.


(девиле деп атайды ғой деймін қателеспесем)

5 thoughts on “Мұсылман сәні, халал тіс пастасы, сағызы…

  1. Не десем екен…., Дефильемен қызыл кілемшенің үстіне де шығарылды…
    Уақыт өте тауар өткізу үшін халал деген тіркесті кезекші ретінде қолданбаса болар…

    • қолданып та жүр ғой! мысалы самса сататындардың бәрі халал деп бақырайтып жазып қойыпты, немесе халал су, мүмкін жақын арада халал нан да шығаын шығар.
      негізі, өз басым халал дегеннің бәріне сене бермеймін…

      • Негізі Халал стандарт Индустрия министрлігіне қарасты мекеме. Олар өздері арнайы тексеріп барып, Халал деген белгіні қояды. Яғни, Халал белгісі болып, зат ондай сапада болмай шықса, оған Халал комитет жауап бермек.

        Ал жай ғана бақырайтып жазып қойғандарға сену, сенбеу әркімнің өз шешімі.

  2. күшті көрме болған сияқты, рахмет Асхат! Астанада тұрып бара алмай қалдық. көрмедегі тауарларды қай сайттан қарай аламыз?

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s