Қазақстандықтар жиі қолданатын ағылшынтілді 7 әлеуметтік желі


 

Picture of notebook screen with Facebook and F...

Image via Wikipedia

 

Kazakhstan Internet Week аясында өтіп жатқан конференцияда презентация жасайтын болған соң, жаңа мәліметтерді іздестірген едім. Сөйтіп, Қазақстанның интернет қолданушылары жиі қолданатын әлеуметтік желілер жайлы мәлімітке тап болдым.

Зерттеушілер әлеуметтік желілердің қатарына .kz доменіндегі ресурстарды (www.kezdesu.com, yvision.kz, www.kiwi.kz т.с.с) қоспаған тәрізді. Себебі екінші орындағы youtube тұрса, Қазақстанда kiwi.kz те жиі қаралатынын білемін. Сонымен қатар елімізде кең қолданатын ресейлік mail.ru (“Мой мир” әлеуметтік желісі), odnoklassniki.ru, vkontakte.ru да көрініс таппапты (толықтырғаны үшін Ақзереге үлкен рахмет) Төмендегі кестедегі (суреттің үстінен шертсеңіз, көлемі ұлғаяды) тізімдегілердің барлығы шетелдік әлеуметтік желілер. Facebook бәрінен де озып тұр. Twitter де дес берер емес.

 

Facebook оқ бойы алда келеді

Facebook оқ бойы алда келеді

 

Тізім төмендегідей:

1. Facebook
2. Youtube
3. StumbleUpon
4. Twitter
5. Now Public
6. Digg
7. reddit
8. Other

Келесі бір қызық жаңалық WordPress.com-ға қатысты. Alexa.com мәліметтерінде WordPress.com Қазақстанда жиі қаралатын жүз ресурстың қатарына енген (суреттің үстінен шертсеңіз, көлемі ұлғаяды). http://kk.wordpress.com-да тіркелген блогтардың саны өзге ресурстармен салыстырғанда анағұрлым аз болғанымен, оны қарайтындардың көптігі есебінен wordpress.com қазір 82-орынға шыққан.

 

WP аз уақыттың ішінде Қазақстандағы танымал сайтқа айналды

WP аз уақыттың ішінде Қазақстандағы танымал сайтқа айналды

 

Пы.Сы. Қазақстанның Интернет Апталығы Алматыдағы Holiday Inn (Тимирязев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы) өтіп жатыр. Уақытыңыз болса, қатысып көрсеңіз болады. Жеке өзім кешегі өткен презентациялар компаниялардың жарнамасына көбірек ұқсап кеткенін байқадым.

5 thoughts on “Қазақстандықтар жиі қолданатын ағылшынтілді 7 әлеуметтік желі

    • Иә, сөзссіз! Ресейлік mail.ru Қазақстан интернет қолданушылары арасында ең танымал ресурс. Бұл зерттеуге шамасы тек қана ағылшынтілді әлеуметтік желілер қатыстырылған болуы керек. Әйтпесе, “Мой мир” біріншілердің қатарында болар еді немесе “Мой мир” функционалдық тұрғыдан пошталық сервиске кіріктірілгендіктен, ал facebook, youtube өз алдына бөлек біртұтас әлеуметтік желі болғандықтан санаққа енбей қалған болуы да кәдік.

  1. Mail.ru жабылатын күн жақын деп жүр еді не болды екен қазақстанда mail.ru жабылуы мүмкінбе? Әлгі е-поштадағы қазақ әріп мәселесін шештіме mail.ru жағы?

    • Бөкен, неге жабылады? керісінше, мүмкіндігінше одан сайын жұмысын күшейтеді)) мысалы, тегін трафик деген сияқты…
      ал Фейсбук шынымен де 2010 жылы Қазақстан үшін танымал әлеуметтік желіге айналды. бір қызықтысы, онда көбінде университетті жана бітіргендер мен одан ересектеу адамдар көп тіркелген. Былай қарасаңыз, бұлар саяси өмірде өз белсенділігін таныта алатын және осы жасқа келіп, бір позицияны ұстанған адамдар болуы керек. Сайлау жақындаған сайын оны жақсы пайдалана бастайды. себебі мой мирдағы мектеп оқушылары – электорат емес))
      Ал басқа әл.желілердің танымалдылығы ұзаққа жалғаспайтын шығар, мысалы, Вконтакте заңсыз контент (видео, аудио) арқасында өмір сүрсе, мой мир мобильді интернетке ыңғайластырғаны мен эл.поштаға “жабыса” орналасқаннан кең пайдалануда. бірақ қолданушылар бірте-бірте сапалы ресурстарға көшеді деген үміт жоқ емес))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s