2.QB: Қыркүйек айында тіркелген 11 блогқа шолу


Blog - The Carbon Muse

Flickr. jurvetson суреті

Өткен тамыз айында wordpress.com-ның қазақшасында 7 жаңа блог тіркелген болса, қыркүйек айында 14 блог тіркелгенін байқадым. Бірақ оның үшеуін авторлар өшіріп тастаған екен.  Тамыздағы блогтардан үшеуі жаңаланбады, біреуі өшірілді. Тек үшеуінде (koreanfanatik, balzaminka, gulmyraserykbai) жаңа жазбалар жарияланып, оқырмандарын тауып үлгерді.

Төменде қыркүйекте тіркелген 14 блогтың 11-ін таныстырғым келіп отыр. Назарымнан тыс қалған блогтардың да болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын.

     

  1. http://clubarmen.wordpress.com/ (01.09.2010) “Ар Мен” атты блогы “Жамбыл облыстық «АР-МЕН» жастар қоғамдық бірлестігінің” жұмысын насихаттау мақсатында құрылғанға ұқсайды. Себебі “Бірлестік туралы” бөлімінде осы ұйым туралы мәліметтер келтірілген. Блог авторы категорияларды бөліп көрсеткенімен, әзірге мәлімет беретіндей жазба жарияламаған екен.
  2. http://bigkbtu.wordpress.com/ (02.09.2010) Be Independent Girl (ағыл. тәуелсіз қыз бол) блогы Алматы қаласындағы Қазақ Британ Техникалық Университетіндегі қыздар ұйымының блогы. Қазақ, орыс және ағылшын тілінде жарияланған жазбалар университетте атқарып жатқан шараларына арналған.
  3. http://bekkerey.wordpress.com/ (08.09.2010) блогында ешқандай мәлімет те, жазба да жарияланбаған.
  4. http://rauank.wordpress.com/ (09.09.2010) “Гарвард университеті, Кеннеди атындағы басқару мектебінде алып жүрген курстарымның бірі міндеттейтін тапсырманы орындау мақсатында ашқан жеке блогым” деген жазбамен дүниеге келген блогтың авторы дипломат, журналист, Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болған  Рауан Кенжехан екен. “Бұл блогтың мақсаты – әсте оның авторын [ағыл.] насихаттау емес. Ол халықаралық қатынастар, журналистика, экономика, бизнес және автордың азды-көпті хабары бар басқа да тақырыптар төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасуды көздейді” дейді автор.
  5. http://8aclass.wordpress.com/ (10.09.2010) Жаңа медианы білім саласында қолдану қарқын алып келе жатқаны қуантады. 8 А сыныбының жетекшісі блог арқылы оқушылардың ата-аналарымен виртуалды байланыс жасап, оқушылардың мектептегі қызықтарын бөлісіп отырмақ. Блог авторы Алмат Құрмашевқа үлкен табыстар тілеймін!!!
  6. http://qisyq.wordpress.com (10.09.2010) Қисық блогы автордың “қисық” стильмен түзу ойларын беруімен ерекшеленеді. Көптің көкейінде жүрген ойларды өзіндік пайымы тұрғысынан, қарапайым тілмен жеткізуі көпшілікке ұнағанға ұқсайды. Қазірдің өзінде блогтағы жазбаларға қалдырылған пікірлерге қарап блог өз оқырмандарын тапты деп тұжырым жасай аламын.
  7. http://bakytuniver.wordpress.com/ (17.09.2010) “Бақыт Университеті” блогына қарап, психологиялық кеңестер жарияланатын болар деп үмінттеніп едім. Бірақ “Қош келдің, Жаңа күн” дегеннен басқа еш жазба жарияланбады.
  8. http://meninsinibim.wordpress.com/ (18.09.2010) 9А сыныбының блогы екен. Блогтың маңдайшасындағы суретке қарап “Қазақ-Түрік” лицейі оқушыларының блогы деп топшыладым. Блогта оқушылардың сабақ үлгерімдері, туған күндері тәрізді бөлімдер бар.
  9. http://ardakkatarbayev.wordpress.com/ (27.09.2010) “Қаржылық бостандық: тамаша өмір сүру формуласы” деп аталған блог қаржы туралы қазақ тілінде мәліметтермен бөлісуде. Блог авторы блогты қаржыға байланысты ақпарат бөлісуге арнаған. “Жұмыс қасқыр емес, бірақ оған да аңшылар бар” деген сияқты,   жас кезінде қуатты табыс тауып, капитал жинауға  ниеттес адамдармен бірігіп, сауаттану мақсатында осы блогты бастадым” деген блог авторына сәттілік тілейміз!
  10. http://gazezov.wordpress.com/ (28.09.2010) Азмат Ғазезовтің блогында ешқандай жазба жарияланбаған.
  11. http://kulegesh.wordpress.com/ (30.09.2010) Күлегештің блогы @ (айқұлақ) белгілерімен бірден көзге түседі. Авторы блогты жүргізуде өзгеге ұқсамауды ойлағанға ұқсайды. Блогта автордың жеке ойлары көрініс тапқан.
  12.  

Пы.Сы. Қыркүйектегі қазақ тілінде тіркелген блогтар үкіметтік емес ұйымдар мен білім саласында қазақ тіліндегі блог мүмкіндіктерін пайдалану үдерісі қалыптаса бастағанын көрсетті.

11 thoughts on “2.QB: Қыркүйек айында тіркелген 11 блогқа шолу

  1. autokaz.wordpress.com деген қызық блог пайда болды, соңғы күндері. Қызығып оқып жүрмін. Аспаздық блогынан кейін пайда болған салалық аз блогтың бірі.Өте қызық блог. Автокөлік әуесқойларына арналған блог,екен күн сайын толықтырылып жүр,соған қарағанда иесі тәжрибелі блогшының бірі болса керек.

    • Оның рас, Алмас. Қазан айында тіркелген блогтардың ішінде осы autokaz ерекшеленіп тұр. Қазан айында өте көп блог тіркеліпті. Қарашаның басында оларға тоқталсам деймін, инш!

  2. талдықорғандық журналистердің блогтарын іздеп, тек “сөмкені” ғана таптым) қалғандарының адрестерін білмеймін😦 соларға сілтеме жазсаңыз..

  3. Жақсы, Әлия! Талдықорғандықтардың блогтары бар. Осы аптадағы жазбалардың бірінде соларға тоқталайын. Еске салғаныңа рахмет!🙂

    • Жаман деп кім айтты🙂
      Пы.Сы. yandex.kz поштасы көрсетілген пікірлерді блогымдағы спам-сүзгі автоматты түрде күлтөкпеге лақтырады екен🙂 “Кейбір пікірлерім неге жарияланбады?” деген сауалыңыздың жауабы осы!

      • ООО, рахмет! Осы мәселенің миымды ашытып жүргеніне біраз болып еді, себебін ешкім түсіндіре алмады ғой. Онда гмайл поштамды жазып қояйын. Жауап тауып бергеніңізге рахмет)))

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s