Алға, қазақ блогшысы!


Astana

Wikipedia ұсынған сурет

Байланыс және Ақпарат министрі енді Аршатпен жеке танысты. Бұны бір Қазақ интернетінің дамуына қарай жасалған оң қадам дер едім. Қазіргі министрдің ұнайтын тұсы интернеттің қазанында қайнап жүргендермен жүзбе жүз кездесуді, олардың пікірін тыңдағанды құп көреді.

Осыдан санаулы сағат бұрын Аршат бар, Серікқазы аға үшеуміз Министрлікте Интернеттегі қазақша басылымдар туралы арнайы презентациялар жасадық.

Министр осы баяндаманы тыңдауға қазақ газеттерінің бас редакторларын шақырыпты. Өзім білетіндерден “Айқын”, “Түркістан“, “Жұлдыз”, “Таңшолпан” басылымдарының редакторларын көзім шалды. Одан бөлек Мұхтар Шаханов сынды қайраткерлеріміз де залда отырды.

Серікқазы аға “Егемен Қазақстан” газетінің жаңа сайтының мүмкіндіктерін баяндағанда Байланыс және Ақпарат Министрі Асқар Жұмағалиевтің таңданысын жасыра алмай отырғанын байқау оңай еді. wap.egemen,kz слайды көрсетіп жатқанда “Супер!” деп басын шайқап отырған. Бұл сайтты жасауда Ерлан Оспанның да тікелей араласқанын біліп, тағы қуандым.

Аудиторияны көбінесе сайт жасаудың бағасы қызықтырды.

Бұл жиналыстың мақсаты қазақ тіліндегі газеттердің интернеттегі нұсқасын дамыту, әрі жаңа жобаларға қолдау көрсету екен. Аршат қазақ ақпарат құралдарының интернеттегі дамуына серпін беретін жақсы бір ойын айтты. Жеке өзіме ұнады!

Осыдан санаулы жыл бұрын ғана “қазақ блогшыларымыз, не істей аламыз?” деп жүруші едік. Байқап отырсам, бірте-бірте қазақ интернетінің бір пұшпағын илесіп жүр екенбіз. Аршаттың өзін Байланыс және Ақпарат министрі арнайы қызметке лайықты деп көріп, ұсыныс білдірді. “Қазконтенттегі” жаңа жұмысында Аршат та ойда жүрген көп жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады деген үмітім басым. Қайткен күнде де тілекшімін!

Алға, қазақ блогшысы!

Қырқып қой: келесі дүйсенбі, сейсенбіде Талдықорған қаласының “Достық үйінде” “Мінбер” орталығы атынан Алматы облысы журналистеріне тренинг өткізбекпіз.

10 thoughts on “Алға, қазақ блогшысы!

  1. Билік жақтан ғаламтор арнасына, жаңа медиаға көңіл бөліне бастағанына қуаныштымын. Ұзағынан сүйіндірсін!

  2. құттықтаймын! кездесудің нәтижесі табысты болсын!

    Серікқазы аға дегенің Матаев па? презентацияларыңды біз де көрсек.. инетке ілу мүмкіндігің болады ма?

    • “Серікқазы аға” дегенім Серікқазы Кәкібаланов деген азамат. Қазақ тіліндегі көптеген интернет жобалардың ашылуына тікелей мұрындық болып жүр. Презентациялар slideshare.com-да бар.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s