Жас журналистерге қажылыққа тегін жолдама берілмек


Chuck Olsen: Citizen Journalist, at work

Image by Chuckumentary via Flickr

“Асыл арнадағы” әріптестерім блогымда осы бір хабарландыруды жариялауды өтініп еді. Кім біліпті, мүмкін дәл Сіз осы байқаудың жеңімпазы болып, қажылыққа барып қаларсыз. Аллаһ ниетіңізді қабыл қылғай!!!

«Асыл арна» телеарнасы мен «Сат» компаниясы жас тележурналистердің байқауын жариялайды.

Үздік шыққан қатысушыларға 2010 жылғы Қажылыққа тегін жолдама беріледі. Жолдама саны – 10. Оның бесеуі қазақ тілінде, бесеуі орыс тілінде әзірленген материалдарға үлестіріледі. Жүлделер мына номинациялар бойынша анықталады:

  • үздік тележурналист – 6;
  • үздік режиссерлік жұмыс – 2;
  • үздік газет мақаласы (публицистика) – 2.

Байқау тақырыптары:

  1. «Алла – бір, Пайғамбар – хақ, Құран – шын»
  2. «Қажылық – қасиетті парыз»
  3. «Түбім – түрік, дінім – Ислам»
  4. «Ұлт діңгегі, ұрпақ мұраты – Ислам»
  5. «Ислам – ғылым мен ілімнің, бірлік пен татулықтың діні»

Осы тақырыптар Ислам дінінің белгілі бір тұлғалардың тағдыры мен өміріне, қоғамдағы проблемаларға және танымдық қырларына қатысты тұстарын қамтығаны жөн.

Байқаудың мақсаты:

  • Алла Тағаланың адамзатқа жіберген тура жолы – Исламның асыл құндылықтарын ел ішінде жан-жақты насихаттау;
  • жас журналистердің кәсіби шеберлігін шыңдау;
  • ұлттық журналистиканың танымдық-форматтық деңгейін көтеруге ықпал ету.

Байқаудың шарттары:

  • журналистердің жасы 30-дан аспауы керек;
  • байқауға ұсынылатын материалдардың мазмұны «Асыл арна» ұстанған бағытпен сәйкес болуы тиіс;
  • телехабардың ұзақтығы 10 минуттан, мақала 2-3 беттен аспауы керек;
  • тележурналистің кадрда көрінуі шарт;
  • ұсынылатын жұмыстар miniDV, DVD, HD форматтарында сол журналист жұмыс істейтін ұжымның мінездемесімен қоса тапсырылады.

Байқауға ұсынылатын материалдар мына талаптар бойынша бағаланады:

  • жүргізушінің кадрда өзін-өзі ұстауы мен сөйлеу мәдениеті;
  • журналистің білімдарлығы мен сауаттылығы;
  • режиссерлік шешімнің сонылығы;
  • тақырыптың терең ашылуы.

Байқауға ұсынылатын материалдар «Асыл арна» редакциясына тапсырылуы тиіс. Материалдар 2010 жылдың 1 қазанына дейін ғана қабылданып, қорытындысы 5 қазанда шығарылады.

Біздің мекен-жайымыз:

Алматы қаласы, Затаевич көшесі, 80-үй

Телефон: (8-727) 263-44-92

E-mail: info@asylarna.kz

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s