Аудио файлды немесе Үнхабарды блогыма қалай жариялаймын?


Үнхабар жазып, блогыңызға жариялауды ойлап жүрсіз бе?

WordPress.com блогына үнхабарыңызды жарялау әсте оңай. Менің блогымның орта тұсында box.net деген көк түсті (түсін блогыңыздың дизайнына орай өзгертуге болады) төртбұрышты (суретте) байқаған боларсыз. Ол жерде радиода істегенде әзірлеген радиохабарлар жарияланған. Сонымен сіз де блогыңызға үнхабарларды бөлек жариялаймын десеңіз, төмендегі адымдарға назар аударыңыз. Бұларды орындауға шамамен жарты сағат пен бір сағаттай уақытыңыз кетуі мүмкін екенін есіңізге саламын:

1. www.box.net желісіне тіркелуіңіз керек. Тіркелу үшін электронды поштаңызды енгізу де жеткілікті.

2. Блогтың ішкі құрал-саймандар тақтасынан (dashboard-тың осы бір қазақша баламасы көңіліме қонбай жүр) Appereance (келбеті) деген жерден Widgets дегенді таңдайсыз

3. Widgets ішінде box.net file sharing дегенді Sidebar-ға (жақтауыңызға) қоясыз.

4. Бұдан соң, box.net-ке жүктеп қойған аудио файлыңыз блогыңызда бөлек шығып тұрады.

5. Егер үнхабар жазбамен бірге жариялансын десеңіз онда бірден http://www.box.net желісіне кіріп, файлды жүктеп оның қасындағы shared деген жерден Post to wordpress (WordPress-ке жариялау) дегенді таңдайсыз.

P.S. Мүмкін болса, кеңесім кәдеге жарағанын, яки түсініксіз болғанын айта отырсаңыздар жақсы болар еді. Үнхабар жариялаудың бұдан да басқа жолдары бар. Мен тек өзім қолданатын тәсілмен бөлістім. Келесі бір оңай жолы www.podkazt.kz порталына тіркеліп, сол жерде жариялаған жазбаңызға блогыңыздан сілтеме көрсете аласыз. Мәселен, Көк бөрінің үнхабары солай жарияланыпты. Бұған дейін әзірлеген жақсылы, жаманды үнхабарларымды neweurasia сайтынан тыңдай аласыз. Пікірлеріңзді білу қызық болар еді🙂 Блогыңызды сәтті жүргізуіңізге тілектеспін!

Сурет СС рұқсаты негізінде evanhahn есімді flickr қолданушысының мұрағатынан алынды

5 thoughts on “Аудио файлды немесе Үнхабарды блогыма қалай жариялаймын?

  1. http://podkazt.kz порталына тіркеліп аудио (ән) жүктемек болғанымда алған жауабым “Привет тебе, заблудший странник! Уж не знаем чем ты руководствовался, прежде чем добраться до этой страницы, но точно уверены в одном – тебе здесь не место. Нет у тебя такого исключительного права – находится здесь и делать что заблагорассудится, лучше уходи, ничего кроме этого сообщения ты все равно не увидишь”.Жаман болдым, тіпті ниетімнен айнып қалдым

  2. http://www.box.net/ тіркелдім, керегімді жүктедім.Алайда оның менің блогымда материал тұсында шығуын жасай алмадым:-(((((
    “shared деген жерден Post to wordpress (WordPress-ке жариялау)” деген жерді таппадым.

  3. box.net-ке жүктеген файлыңыздың қасында shared деген жазу және одан кейін 4 символ суреті бар, соның үшіншісін басқанда қосымша тізім ашылады, соның ең астындағы more actions-add aplication-blog posting дегенді қосасыз. Соның ішінде wordpress.com болады. Соны көрсетесіз.

    немесе қосымша тізімнен share-embed file to your site деп кодты аласыз немесе сол жерден get link to file деп файл сілтемесін алуға болады.

    podkazt.kz тіркеу процесін басқа комтан асықпай тағы да тіркеліп көріңіз. Мүмкін тіркелу барысында бір қателік шыққан болар.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s