Жан-жүрегімен жақсы көру


Өткенде ойланып қалдым: қазақтың «жан-тәнімен жақсы көруі» мен «жан-жүрегімен жақсы көруінің» айырмашылығы жер мен көктей. Жақсы көруді «жан» сөзімен ұштастырып айтуда да мән бар. Жай ғана тәніммен, яки жүрегіммен жақсы көремін демейміз. Мейірімді Аллаһтың бергені де қайтып алатыны да жан ғой… Басқа ағзамыздың бәрі топырақ болып шіріп кетпек.

«Жақсы көру» деген сөздің өзі «жақсы тану» дегенді білдіреді. Бұл дегеніміз біреуді немесе бір нәрсені жақсы танып алмайынша оны жақсы көре алмаймыз деген сөз. Ал жақсы тану үшін сөзсіз адамға білім керек. Адамның танымы айналасында болып жатқан құбылыстарды ой елегінен өткізетіндей білімі болса қалыптасады деп ойлаймын. Аллаһтан білім сұрау керек. Мұсылман үшін тал бесіктен жер бесікке дейін ілім-білім іздеу парыз болуының бір себебі де осы болар… Қажетті білім болмаса, Аллаһ Тағаланы да жан-жүрегіммен жақсы көре алуым неғайбыл…

Сонда мынадай түйінге келеді екенмін: әлдекім біреуді жақсы көру үшін оның бойында Оны танитындай білімі болуы керек. Ондай білімің жоқ екен, құр нәпсілік жақсы көру болмақ. Көркі, сыртқы сипаты, байлығы, біреудің анау жақсы деп айтқан сөзі тағысын тағы… Көркі тайса, яки байлығы азайып қалса, жақсы көрмей қалады. Білімің болса, сен оны көре (түсіне, қабылдай, оқи) аласың. Сол кезде барып, жан-жүрегімен жақсы көресің 🙂

Қазақтың «жаным сол» деген сөзі маған енді ерекше ыстық естілетін болды. «Қазақтың жаны» деген сөз ше?! Қалай дәл айтылған! Аллаһты жақсы көретіндер бар. Аллаһқа сенбейтіндер бар. Олардың көкірек көзі байлаулы.

P.S. Ойларымды көпшілік түсінуі шарт емес. Өзім ұмытып қалмас үшін жазып қойдым. 🙂

Сурет: Boston.com сайтының 2010 жылғы Рамазан айын бейнелейтін суреттер байқауынан алынды

Advertisements

2 thoughts on “Жан-жүрегімен жақсы көру

  1. мұны Абай атамыз: «Ғашықтық пен құмарлық ол екі жол, құмарлық бір нәпсі үшін болады сол» деп өлең жолдарымен түйген екен

  2. Расында, онша елей бермейміз ғой.. Асекең «жан-тәнімен» я «жан-жүрегімен» сүюдің артықшылығын жақсы талдап беріпті. Рахмет, пайымым дұрысталып қалды

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s