1.QB: Француз азаматы қазақша блог бастады


Өткен айдан бері kk.wordpress.com тұғырында қазақ тілінде төмендегідей 7 блог тіркелгенін байқадым.

  1. http://undeme.wordpress.com/ (24.07.2010) «Берекеден базарлық» блогының авторы өзін «ғаламторлық өрнектегі әжептәуір тәжірибем бар азаматпын» деп таныстырған. Әзірге жарық көрген жазбалары әртүрлі тақырыпқа арналған ойларынан құралған.
  2. http://aibatyr.wordpress.com/ (28.07.2010) Блог ашылғалы әзірге еш жазба жарияланбаған.
  3. http://madiarov.wordpress.com/ (31.07.2010) «Ерекеңнің ерекше әлемі». Жас журналистің жазбалары
  4. http://gulmyraserykbai.wordpress.com/ (17.08.2010) әл Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің оқытушысы, ғалым Гүлмира Сұлтанбаеваның блогында журналистикаға қатысты ғылыми жазба жарияланған. Интернетте сонымен қатар бұл блог авторы gylymkaz.kz сайтының редакторы әрі авторы екені айтылған.
  5. http://koreanfanatik.wordpress.com/ (19.08.2010) «Кореяны армандауда… Корей фанаттары бірігіңдер :)» деп аталатын блогта қазірдің өзінде бірнеше кәріс фильмдеріне шолу жасалған. Автор өз ойларын күнделікті бастан өткен қызықтарымен араластырып, қызық та, жеңіл жеткізеді.
  6. http://balzaminka.wordpress.com/ (20.08.2010) «Мені қызықтырған – Үндістан» деп аталатын блогта әзірге еш жазба жоқ.
  7. http://lesnobdelyon.wordpress.com (27.08.2010)
    Николя Мишель

    Николя Мишель

    Блог авторы (суретте) өзін «Француз шығыстанушысымын. Қазір Астанада бір жобаны жүзеге асыру үстіндемін. Қазақстанға алғаш рет осыдан 15 жыл бұрын келдім. Қазақ тілін үйрене бастағаныма да сонша уақыт болды» депті. «Париждегі жалғыздық», «Текше», «Италиялық иттер» атты қысқа әңгімелерін жариялапты.

Advertisements

9 thoughts on “1.QB: Француз азаматы қазақша блог бастады

  1. қазақшасы жақсы екен, егер өзі теріп жазған болса…
    меніңше әншейін аударма сияқты…
    мақаласы француз екенін білдіреді….

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s