“Журналист боламын” десеңіз…


“Медиа Мектеп” журналистика мектебі тәрізді орталықтар Қазақстанда саусақпен санарлық. Әсіресе қазақ тілінде жоқтың қасы десе де болады. Бұл мектептің ерекшелігі бес айлық курсты журналист болып нақты жұмыс істеп жүрген кәсіби мамандар жүргізеді. Сондықтан журналистиканың қыр-сырына бойлаймын деген жастарға аталған мектептің Журналистика курсына жазылуға кеңес беремін. Осы ұйымда жұмыс істейтін Димаштың жіберген хатын жариялап отырмын.

Медиа Мектеп журналистика мектебі MediaNet Халықаралық Журналистика Орталығының жобасы. Мектеп өз жұмысын Алматы қаласында 2005 жылдың 16 ақпанында бастады.

Жоба халықаралық және қазақстандық қоғамдық, коммерциялық ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылып келе жатыр. Мектептің негізгі мақсаты – студенттерде практикалық, журналистік дағды қалыптастыру және сараптамалық ойлау деңгейін дамыту. Осы жайттарды ескере отырып оқу бағдарламасы дайындалды. Бағдарламаның құрамына мәтінмен астарымен, сараптама түрлерімен, оқиға сипатымен танысуға, қисынды ойлау жүйесін дамытуға бағытталған тәжірибелік және теориялық сабақтар енгізілді.

Оқу түрлері: негізгі бағдарлама және арнайы курстар.

Негізгі бағдарлама журналистика өнерін меңгергісі келген, бірақ БАҚ саласында жұмыс тәжірибесі жоқ жандарға арналған. Курс ұзақтығы – 5 ай (аптасына екі рет) және студенттерге тағы бір тәжірибеден өту мүмкіндігі беріледі.

Медиа Мектепті бітірген түлек сюжеттерді, тележаңалық бағдарламаларын түсіру қалай жүргізілетінін, өзгешелігін анық білетін болады, мерзімді баспасөз құралдарының ерекшеліктеріне еркін бейімделе алады. Ол сонымен қатар ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдерін үйренеді, жаңа медианы меңгереді.

Медиа Мектептің үлкен бір ерекшелігі – жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі.

Тәуелсіз авторлар (freelance) ретінде Медиа Мектептің студенттері 2000-нан астам мақала жариялады. 200-ден астам Медиа Мектеп түлегі бұқаралық ақпарат құралдарында, PR агенттіктерде, баспасөз қызметтерінде, мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық компанияларда жұмыс істейді.

Материалдарын неғұрлым көп жариялаған (эфирге шығарған) студенттер, сертификаттан бөлек БАҚ редакторларына деген ұсыныс-хаттарға ие болады. Ол үшін кем дегенде үш оқытушыдан ұсыныс түсу керек.

Болашағынан үміт күттіретін Медиа Мектептің студенттеріне біз шет елде оқу және жұмысқа орналасу мүмкіндігін береміз.

Қосымша ақпаратты 261 66 69, 272 15 29 телефондары арқылы немесе келесі мекен-жайдан ала аласыздар: Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 50 (Панфилов көшесінің қиылысында), 3 қабат, 100 кеңседен алуға болады.

One thought on ““Журналист боламын” десеңіз…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s