Ананың “сәлемі”…


Ұстаздың әңгімесінен

…Досым алқаш болатын. Анасының өлімі алдында тәубесіне келді. Намазға жығылғанына аз уақыт өтпей анасынан айрылды. Үйде екі бауыр еді. Өзі және күйеуімен сыйыспай тұрмыстан қайтқан қарындасы. Көп ретте анасының діннен хабарсыз екенін жиі айтып отыратын.

Анасын жерлеп болған соң, шамамен он күннен кейін таң ата телефон соқты. Еңіреп жылап тұр. “Келші. Сосын түсіндіремін” деді. Келдім. Он күн қатарынан түсіне анасы кіріпті. Әр түсінде: “Балам, қатты қиналып жатырмын. Әрбір ісім үшін жауап берудемін. Сенің намаздарың ғана маған көмек болуда” дейді екен. “Кеше есік ауласында өтіп бара жатқан көрші келіншекке ала көзбен қарағаным үшін жауап бердім” депті. Соңғы түсінде: “Қарындасыңа айтшы. Жеңіл жүрісін қойсын деп” деген екен…

Анасы кейін де қатарынан күн сайын түсіне кіріп, қай амалы үшін жауап беріп жатқанын баяндапты.

5 thoughts on “Ананың “сәлемі”…

  1. Өрімтал, бұл мақалаңызды қалыпты адамның басынан басына келетін сергелдең, тылсым, жұмбақ хикая деп түсінеміз бе, әлде сіздің шынымен тәубаға келген алқаш досыңыз бар ма???

    • Кештеу жауап беріп отырмын. Айыпқа бұйырма. Бұл оқиғаны бізге араб тілінен дәріс беретін мұғалім айтып еді. Әйтсе де кезінде бұзықтық жасап, қазір тәубесіне келген достарым бар.

  2. Асхат, менің білуімше өлген адамдар ақырет күнін күтіп жатпайды ма? яғни сол күні есеп алынбай ма барлық адамдардан. әлде қателесемін бе?

    • Аршат, сауалыңа рахмет. Ақиретке дейін қабірде Мәңкүр, Нәңкүр періштелері сұрақ-жауап алады. Қабір рахаты, қабір азабы деген ұғымдар бар. Байқаған болсаң, әдетте қайтыс болған кісіге: “Қабір азабынан сақтасын!” деп дұға қылатыны сондықтан.
      Аллаһ тағала біздерді және дүниеден өткен тума-туыстарымызды өз мейіріміне бөлесін! Оразаң қабыл болсын!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s