Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!


Бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де бар! Бір айлық мүмкіндік беріліп отыр. Енді осы бір мүмкіндікті қолдан жіберіп алғым келмейді.🙂

Қазір көп уақытым осымен үшінші жыл қатарынан жүргізіп келе жатқан www.oraza.info жобасына арналуда. Басында бірнеше жігіттер бас қосып, “Жұрт оразаға қатысты іздегенін бір ресурстан табатындай болсын!” деген ниеттен туындаған еді. Өзімде арнайы діни білім болмағандықтан, сайтта сұрақ-жауап бөлімі болмайды деп шешкен едік. Әйткенмен, сұраушылар өте көп екен. Өмірінде алғаш рет ораза тұтып жатқандар өзгеден сұрай алмағанды интернеттен іздейтінін түсіндік.

Қайта, www.oraza.info сайтына өткен жылдан бері Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының қызметкерлері мен мешіт қызметкерлері де ат салысып, оқырман сұрақтарына белсене жауап беріп отырғандары қуантты. Биыл да уақыт тауып, сұрақтарға жауап берер деген үміттемін. Оразаны алғаш ұстауға талаптанғандардың ниеттері шынымен де қуантады. Тек, ораза тамақтан тиылумен ғана шектелмейтінін ұмытпасақ екен дейсің.

Сонымен, оразаң қабыл болсын!

One thought on “Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s