Жүректің “әні”


Бір ағамыздың басынан кешкен хикаясы негізінде жазылды.

Досымның үрей мен дірілге толы даусы төбе құйқамды шымырлатты. “Тез кел, әкем әл үстінде жатыр” дейді. Құрғыр телефон қаралы хабар жеткізгенде сабырдан айырыламын. Ауыл шетіндегі көк шарбақты үйге демде жеттім. Кісі қарасы көп екен. Аулада еркектер үнсіз шылым шегуде. Іштен әйелдердің күрсінген дауыстары шығады.

This slideshow requires JavaScript.

Маған исламның иірімдерін түсіндірген досым әкесінің қасында мен білмейтін дұғаны күбірлеуде. Әкесінің жүзі қарайып кеткен. Аппақ төсекте шалқасынан қозғалыссыз жатыр. Жаны шықпаған. Еріндері қимылдағандай болады. Бір ыңыл естіледі.

Әкемнің досы намазына берік ислам шарттарына мойынұсынғандардың бірі екенін білетінмін. “Адам қандай күйде қайтыс болса, кейін дәл солай тіріледі” дегенді де сол кісінің аузынан естігенмін. Бірақ мына ыңыл Құранның әуезіне емес, танымал әншінің домбырамен айтатын әніне ұқсайды.

“Бұл не?” деп сұраймын. “Әкемнің ең сүйікті әндерінің бірі. Жүрегімен жақсы көретін еді” дейді. Жүзін тарам-тарам жас жуғаны көрініп тұр. Көзінде үлкен өкініш бар. Үндемедім. Намазхан ағамыздың ақырғы демі Құранның сөзімен емес, жүрегінде жатталып қалған даңғырлақ әнмен шығатыны шынымен де өкініш еді. Жүректің әні – Құран болса ғой деген бір ғана тілек болды…

7 thoughts on “Жүректің “әні”

  1. Асеке, бәріміздің де, өлер сәтімізде кәлима шаһадатқа тіліміз келері, не басқа нәрсе сұрарымыз белгісіз ғой…

  2. өлер уақытта тіліңді кәлимәға келтіру қиын дейді ғой, жәй күні жатқа айтып жүрген сүрелер де тілінің ұшында болғанымен, айта алмай қиналады екен (((

  3. Намазхан бір әріптесім бар. Дәл осы мәселеден қорқады. Дін жайлы уағыз айтқысы келмейді. Өткенде жолда көлік апатына ұшырапты. Сонда, “көз алдымнан тұтас өімірім зуылдап өте шықса да, тілім кәлимаға келмеді” дейді. Мен де содан қорқамын. Пенде өлім аузында жатқанда шайтан да барынша шаруаны шайқалтуға тырысады дейді ғой, кім білсін?!

    • Кейде түнде ұйықтап жатып, басылып қалатын кездер болады. Сол кезде де тіліңді кәлимаға әзер келтіретін кездер адам басынан өтеді. Пікіріңе рахмет, Амангелді. Оразаңыз қабыл болсын!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s