Каспий теңізі және Баутино


Еліміздің батыс өлкесін көруді көптен армандайтынмын. Ақтаудың жігіттері рэпті жақсы айтатынын білемін. Әрі  ақтаулық біраз таныстарым да бар. Бірақ сол Каспий толқындары еркелей сипап жатқан Ақтауды көре алмай жүрмін.

Әріптестерім Ақтауға іссапарға барасың дегенде, сол қаланы көрермін деп қиялдағанмын. Сөйтсем, NCOC мұнай компаниясы бізді қаланың өзіне емес, Баутино деген теңіз операцияларына әзірлік жұмыстары жасалатын базаға алып барды.

Ақтауға сағат тоғыздан кете қондық. Екі сағаттай әуежайда өзге журналистерді күттім. Бір кезде Нұрберген хабарласты. Сөйтсем, ол да осы пресс турға қатысады екен. Қуанып қалдым. Әйтеуір әңгімелесетін адам бар.

Әуежайдан базаға дейінгі аралық екі сағат. Шетелдік мұнай компаниялары сақтық шарасына өте қатты мән береді. Өмірімді бірінші рет автобусқа отырғанда қауіпсіздік белдігін тақтым. Әрі орындықтарымызға поллиэтилен пакете орап, алма, пепси, бутерброд (шұжықпен болған соң жей алмадым) салып қойыпты.

Нұрберген екеуміз әңгімелесіп отырып, Баутиноға қалай тез жеткенімізді де сезбей қалғаным. Бар білгенім ауасы ылғал екен. Малайзия есіме түсіп кеткенін несіне жасырайын 🙂

Базадағы жоспарланған ресми шаралардан соң арнайы каска, көзәйнек, бәтеңке берді. Олардың киіп алып, 30 градус ыстықта базаны араладық. Бізге мұнай жайылмасы бола қалған жағдайда оны жинап алу үшін қандай техникалық пайдаланатынын көрсетті.

Теледидардан көріп жүрген техниканы жақыннан көріп, суретке де түсірдік. Қашаған жобасы 2012 жылы мұнай өндіре бастайды ғой. Әйтсе де бұлар сақтық шараларына осы бастан қамданады екен. “Осы техникалардың бір де бірін пайдаланбаспыз” деген үміттері зор.

Иә, айналамыздағы кісілердің дені шетелдіктер. Алматыдан Ақтауға ұшаққа отырғанда да соны байқағанмын. Құдды бір Амстердамға ұшып бара жатқандай болдым. Себебі салонның жарымы шетел азаматтары. Базада да бізді шетелдіктер қарсы алып, солармен біраз сұхбаттастық. Арасында бір кісі Telegraph-та істепті, енді бірі Shell компаниясында жаңа медиа саласына жауапты болған. Сондықтан бұл азаматтармен пікірлесу мен үшін бір ғанибет болды.

Түстен кейін тағы да сол арнайы автобуспен “Аққу” деген қонақ үйге алып келді. Форт-Шевченко деген қала типтес поселкі қасында. Бұл өңірдің тарихи атауы – Ақкетік. Осы өңірді жақсы білетін блогшы Тимур мынадай мәліметтермен бөлісті: “Форт-Шевченко Маңғыстаудың ескі де алғашқы қаласы. Баутино, Аташ, Форт үшеуі сол “Форт-Шевченко”-ні құрайды. Тиісінше, “Ақкетік” деп тек Баутиноны емес, үшеуінің жиынтығын, яғни сол елді мекенді айтады”.

Арнайы екі қабатты пансионат үлгісіндегі үйлер тура жағажайдың қасына тұрғызылған. Бізді орналастырған үйден он қадам жерде теңіз шулап жатты. Ал қонақ үйдің сыртында түйелер жайылып жүр.

Мұнай саласындағы жағдайдан қанық болсын деп біздерді шақырған компанияның медиа турының ресми бөлімі осымен аяқталды. Кешке бейресми шағдайда Каспий жағасында бәріміз қайта жиналдық. Жып-жылы тұзды суға малтып шыққан соң, күллі ыстық та, еңсеңді езген ой да ұшты-күйлі жоғалып кетті. Бұл аймаққа туристер үшін арнайы ифроқұрылым әзірлесе, жақсы табыс көзі болар ма еді деп ойладым.


8 thoughts on “Каспий теңізі және Баутино

  1. Ақтаудың қасында Кендірлі деген жерде керемет бір демалыс орталығын салып жатыр деп оқығанмын. Сол жер ашылса, нағыз туристік орталық болатын шығар. Сириялық инвесторлар малайзиялықтарға салдырып жатыр деген.

    • салып жатыр дегені ол тек жай әңгіме… Оқығанмын дегеніңізге қарағанда ол мақала тек жай жаза салынған болу керек… мен 2007 ден бері сонда қатынаймын.

      Кендірлі біздің өңірде орналасқан, өте тамаша жер. Теңіздің ойысына орналасқаннан кейін болар суы ылғи жылы болып тұрады. Жағада екі қатарлы коттедждер арендаға беріледі. Барлық жағдайы бар. Улкен ашық бассейн, жабық бассейн, теннис корты бар. Теңіз мотоциклдері мен катерлер жалға беріледі. Маңғыстауда болдыңыз, байқаған боларсыз, топырақ шаңы көп, ал Кендірлі көгалдандырылған.Бірақ пальма сияқты цитрустар жоқ. Мен ылғи барып тұрам, құдды бір қазақстан емес сияқты әсер қалдырады. Әдемілігіне сөз жоқ, бір өкініштісі ол қазақстандықтарға арналмағандығы, себебі қатты қымбатшылық. Орта есеппен алғанда қазақстандық бір азаматтың айлық еңбекақысы 70 000 теңге болса, айтылған сомаға бұл жерде екі күн ақ өмір сүруге болады.

  2. мұнай туралы сайттарды шарлап отырып, әртүрлі роликтер жүктелген сайттан бір шыққанмын. Ұмытпасам http://www.oil-career.ru сонда Мексика шығанағындағы платформа, ондағы жұмысшылар туралы ролик бар. Offshor life, Here’s a short vid of life working in the gulf of mexico. 2008 жыл… Бәрі тап таза, қауіпсіздік деңгейі де жақсы, жұмысшылардың көңілі көтеріңкі еді… Егер апат болатын болса, қауіпсіздік белдігінің құны… Құдайдың өзі сақтасын әрине…

  3. Менің Атырау, Теңізге іссапармен барғандағым сіздің сапарыңызға ұқсас екен 🙂
    Екі апта бойы автобуста міндетті түрде қауіпсіздік белдігін тақтым, тақпағаныңша автобус жүргізушісі орынынан қозғалмайды екен 🙂
    Жалпы, ел-жер көрген жақсы екен, салыстырасың, жаңа көзқарас пайда болады, жаңа ойлар қалыптасады.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s