Блогыма видеоны қалай жариялаймын?


Бір күнге Астанаға достарыма қыдырып барып келдім. Мереке қарсаңында достарымның жұмысы қарбалас болғанымен уақыт тауып жүздестік-ау. Ескертпей келу деген осы! Қуанатыным: 3 жылдан бері кездеспегендер арқа-жарқа болысты. Ертайдың “Достардың бірге жүрмеуі достықты әлсірете алмайды” дегеніне көз жеткіздім. Достарыма Аллаһ тағала есендігін беріп, әрбір амалдарын сауаптан жазсын!

Тағы бір досымның өтініші бар еді. “Блогыма видеоны қалай қоямын?” деп өткендері бір сұрап қалған. Өзгелерге де пайдасы тиіп қалар деп блогыма жариялағанды жөн көрдім.

Блогыңызға видеоны жариялау үшін

WordPress.com блогына видеоны тікелей жариялау үшін блогыңыз “өз алдына отау иесі” болуы керек. Яғни, urimtal.wordpress.com емес, urimtal.com деген тәрізді. Ал көпшілігіміздің блогымыз wordpress.com блогында болғандықтан біз видеоларды бір жерден көшіріп жарялаймыз. Бұл жолы сол тәсілді көрсетпекпін.

1. Мәселен, Астанаға барып келген видеоны мен әуелі Youtube.com видео-сервисіне жарияладым. (Егер Сіз gmail.com-ға тіркелсеңіз, youtube-қа автоматты түрде тіркелесіз)

2. Одан кейін блогқа жазба жазғанда қолданатын панель үстіндегі upload/Insert деген жазу қасындағы екінші батырманы түртесіз. Тінтуірді апара жатқанда кейде add video деген жазу шығады.

3. Бәрін дұрыс орындаған болсаңыз, мынадай терезе ашылуы керек. Байқағаныңыздай бұл жерде үш талғау бар. Бізге керегі екіншісі, From URL.

4. Ағылшынша жазылған жазу видеоның сілтемесін көрсеткенде youtube= деп жазып, барлығын тік жақшаға [ ] алыңыз дейді. Ал жарияғалы отырған видеоның сілтемесін youtube-тан қараймыз.

5. Youtube әдетте видеоның сілтемесін осылай төменгі жағына көрсетіп қояды. Одан кейін сол сілтемені көшіріп аламыз да, алдыңғы жерге жазамыз.

6. Енді бар болғаны Insert into Post (ағыл. Жазбаға енгізу) дегенді басу ғана қалды. Жазбаңыздың ортасында әдемі сілтеме пайда болады.

Видеоны жариялаудың балама жолы: сілтемені бірден білген болсаңыз, осы жазу үлгісін сақтап, бірден жазба ортасына жазып кетсеңіз, әлдеқайда оңай болмақ.

Ескерту: WordPress.com блогына кез келген видеосервистен жариялай алмайсыз. Өзім көбіне тек youtube видеоаларын жариялаймын. Мүмкін, уақыт өте келе басқа жерде жарияланған видеоларды орнататын күн туар.

One thought on “Блогыма видеоны қалай жариялаймын?

  1. Сіздердің блогтарыңызды бүгін “Жастар парламенті” деген бағдарламада мақтады ғой. Арасында сіз, Естай Нүсіпжан екеулеріңіздің есімдеріңізді таныдым. Блоггерлер туралы әңгіме айтқанда🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s