Автобусым көлікті қағып кетті


Өмірімде алғаш рет Алматы автобусында күтпеген оқиғаның куәсі болдым. Негізі бұл ой санамды талай шырмаған. Әсіресе, шопырлар күнделікті пландарын орындау үшін бір-бірімен жарысқан кезде кәлимама мейлінше мән беретінмін. “Бір күні автобусым аударылып қалса, яки біреуді қағып кетсе не болар екенмін” дейтінмін…

Бүгін мен мінген автобус қарсы жолға шығып, көлікті қағып кетті. Салонның алдыңғы жағында едім.

Мұндай жайтқа іштей дайын болғандықтан тым қатты шошыдым дей алмаймын. Тек бір кісінің жарақаттануы (тірі қалған, қалмағанын білмедім) көз алдымда болғаны ойлантты…

6 thoughts on “Автобусым көлікті қағып кетті

  1. мына әсіресе, төле би көшесі бойымен жүретін автобустың жүргізушілері жоңышқа алып келе жатқандай айдағанын айтпағанда өзара жарысатынын қайтерсің…

  2. Айтары жоқ. Күні кеше Алтын Ордаға бармақ болып, бусқа міндім(маршрут №-і есімде) Түскенше асықтым. Рөлде стажер(экскондуктор) отыр. Жүргізуші кондуктор(эксжүргізуші) болып жүр. Бустың ішіндегі бір топ бүлдіршіндер бар еді.

  3. Бұл енді қызықты жағдай. Бірақ автобус дегенге есіме түсіп отырғаны…
    Осыдан 1-2 ай бұрын Ұлттық кітапханаға бару керек болды. Абай даңғылымен жүретін №120 автобусқа отырдым. Ішінде 5-6-ақ адам бар екен. Масанчидағы аялдамаға келгенде көөөөөөөөөөөөөөөөөөп бастауыш сыныптың балалары ма әлде дайындық мектебіндегі балалар ма (анығын білмедім) отырды. Отырғанда да мұғалімі автобус жүргізушісіне жалынғандай болып әрең көндірді. Тып-тыныш келе жатқан едік, аяқ астынан шу-шу бола қалдық. Тыныштыққа үйренген басым, балалар “тасқынына” тосырқай қарағаным рас. Діттеген жеріме жеткенше қанша позитив алғанымды білсеңіздер ғой.Әрқайсысы бір-бір әлем, бір-бір ерке.Жасандылықсыз, кіршіксіз ғой…
    Кондуктор шуға шыдамаған болу керек, бірнеше мәрте зекіп қалды.Оған көнер бала қайда. Әй, біз де бала болмағандай, аспаннан салбырап түскендей боп қалатынымызды-ай…

  4. Бүгін түсте осы автобус, жарысу, қысу, жолдан ығыстыру, тіпті төбелес жайлы да, жалпы бір автобусқа қатысты глобальная проблеманың шешілмейтін түйінін шешеміз деп әбігерге түсіп, ақыр соңы “бұны енді ешкім шеше алмайды” деген шешімге келіп, бейбіт тарқастық🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s