Блогыма өзге блогтардың сілтемесін қалай қоямын?


Егер дәл осы сауал көкейіңізді тессе, бұл жазба сізге арналады. Blogroll (блогтар сілтемесінің тізімі) – блогтың бір жақ бағанындағы өзге ресурстардың тізімі. Кейбір блогшылар оны белгілі бір тақырып бойынша (БАҚ, ислам дінінен байланысты, қазақ блогшылары т.с.с.) топтасып та береді немесе “көршілер” деген атпен де жарияланып тұруы мүмкін.

Өз блогыңа өзге блогтардың (сайттардың, т.с.с.) сілтемесін қою не үшін керек? Біріншіден, бұл өзге ресурстың танымалдылығына жәрдемдесу деген сөз. Сіздің блогқа бас сұққан адам, өзгенікін де көре алады. Бұл әсіресе, көп оқылатын блогта сіздің блогтың сілтемесі тұрса жақсы. Блогыңыз бірден танылады. Екіншіден, сіз белгілі бір тақырыпта жазып жүрсеңіз (мәселен, аспаздық тақырыбында) онда сіз оқырмандарыңызға өзіңіз дұрыс деп тапқан сайттар мен блогтардың сілтемесін көрсету арқылы оларға қосымша мәлімет бересіз. Үшіншіден, өзгенің блогыңнан өз блогыңның сілтемесін көргің келсе, әуелі өзгелердің блогына сілтеме жасап қой.

Сонымен wordpress.com тұғырынан блог ашсаңыз, сілтемелер қою оңай. Ол үшін dashboard (құрал-саймандар) – Links (сілтемелер) – Add New (жаңасын қосу) деген жерді ашамыз. Сізде мынадай терезе ашылуы керек.

Name деген жерге блогтың атын жазасыз. Мәселен, менің блогымның аты – Өрімтал (немесе блог авторын да жазып қойсаңыз болады). Оның астындағы Web Address деген жерге блогтың (немесе сайттың) адресін жазасыз.

Осы жерде маңызды бір жайт бар. Блогтың адресін жазған кезде міндетті түрде http:// деп алдына көрсету керек. Екі рет жазылып кетуінен абай болыңыз. Егер осы адрес дұрыс көрсетілмесе, сілтеме де кейін дұрыс ашылмай қалады.

Одан кейін Сипаттамасы деген жерге блогты бір-екі ауыз сөзбен сипаттасаңыз болады (“Жас қазақ” газеті тілшісінің блогы), бермесеңіз де болады. Соңынан Add Link (Сілтеме Қос) дегенді басасыз. Одан кейін блогыңызға барып, тексеріп көріңіз.

Блогыңызда қосымша ресурстарға сілтеме жариялау арқылы оқырманыңызға қандай ресурсты оқуға кеңес беретінін көрсетіп отырғаныңызды ұмытпаңыз. “Маған досыңды көрсет, мен сенің кім екеніңді айтайын” деген сөзді блогосфераға қатысты айтар болсақ, “Блогыңдағы сілтемеңді көрсет, мен сенің кім екеніңді айтайын” деуге болатын шығар. Блогыңызды сәтті жүргізуге тілектеспін!

6 thoughts on “Блогыма өзге блогтардың сілтемесін қалай қоямын?

  1. Керемет кеңес “бастауыштарға”.
    Сілтеме алмасудың тағы бір еркшелігі, Гуглдың сіздің блогыңызды табу ықтималдылығы арта түседі.

  2. Блог жүргізудің осындай қыр-сырын үйретіп отырғанның еш айыбы жоқ. Алғашында мен де түртінектеп жүріп зорға үйренгенмін. Әлі де білетінімнен білмейтінім көп.

  3. Сенсеңдер,мен күніне бір нәрсе үйреніп жатырм…әжептәуір сауаттанып қалдым, тек,фотосуреттер /галерея/қоюды ғана таба алмай жүргенім…

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s