Блог жұмыс


Тақырыбын дұрыс қоймаған сияқтымын. Айтайын дегенім, жексенбіде блогымдағы сілтемелерді қайыра бір сүзіп шықтым. Кейбір блогтар өшірілген, енді біріне кіруге рұқсат жоқ екен. Сонымен қатар, кейбір пайдалы блогтарға сілтеме қоймаппын. Сол олқылықтардың орнын жөндеп қойдым. Жай, құлақтандыру ғой.

Сенбі күні «Азамат» блогы айтқан Ислам экономикасы жайлы семинарға бардым. Біраз пайдалы мәліметке қанықтым. Блогшы Бекжанды спикер қырынан да танып үлгердім. Ислам қаржы құралдары туралы өте сауатты түсіндіреді екен. Алдағы сенбіде де сағат 10.00-де барсаңыздар болады. Тегін. Тек алдын ала +7 (727) 291-85-41, 291-82-11, 291-38-13 телефондарына тіркелу керек. Fattah Finance компаниясы АГУ-дың қасында Төле би, 23 а (Достық к., қиылысы) адресінде орналасқан.

Аталған семинарда алғаш рет «Қажылық қорлар» туралы естідім. Қажылыққа барғысы келетін адамдарға арналған қор екен. Толығырақ білемін десеңіз neweurasia қазақшасына жарияладым. Сол жерден оқуға болады.

Осы аптаның соңында «Мінбердің» тренингі болады. Өңірден біраз қатысушылар келмек. Сосын сенбі күні блогшылар жиналып, Қуаныш тапқан мектептің спорт залында воллейбол ойнаймыз деп келістік.  Аман-есен жүздесуді жазсын!

Дүйсенбілеріңіз қызыққа толcын!!! 🙂

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s