Самал желден күшті не бар?


Жұма намазға Таулы Қырат мешітіне барып едім. Имам жазда оқушы балаларға арнап, арнайы дәрістер ұйымдастырылатынын айтып жатыр екен. Мен барғанда уағыз басталып кетіпті. Түсінгенім, 25 бала 10, 20 немесе бір ай бойы мешітте жатып, арнайы дәріс алмақ. “Исламский лагерь” десе болатын шығар🙂

Соған көмек керек екен. Мүмкін болса, әркім шамасына қарай көмектессе дұрыс болатынын түсіндірді.

Мәселен, отыз балаға матрас, одеял, жастық керек. Дәріс алатын жерлері бар. Сосын отыз күн бойы тамақтануға қаржы керек деген тәрізді. Егер әрбір адам шамасы келгенше көмектессе, үлкен сауап болар еді. Мәселен, бір матрас немесе одеял алуға кететін шығынды көтерсе дегендей…

Шындығында жақсы бастама. Жұма намаздан кейін көптеген кісілер наиб имамның (имамың көмекшісі) қасына барып, көмектескісі келетінін айтып жатқан еді.

Сонымен қатар мынадай бір әңгіме айтылды.

Періштелер Аллаһ тағаладан “Дүниеде не күшті?” деп сұрапты. “Тау” депті. “Таудан күшті не бар?” дегенде, “Темір” деген екен. “Темірден күшті не бар?” десе, “От” депті. Ал оттан күшті су екен. “Судан да күшті не бар?” деп сұраса, “Самал жел” деген екен. “Ал самал желден де күшті не бар?” десе, мұсылман адамның жасаған садақасы деген екен.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s