Қой қырқудың ставкасы қанша?


Осы демалыста Жаркентке достарымның үйіне барған едім. Барсам, ауылда жұмыс қарбалас екен. Картошка егіп, қой қырқып, егін сеуіп, огород суарып т.с.с. Арасында біреулер баласының туған күнін де кафеде атап өтіп жатыр екен.

Жеңіс күніне орай демалыс бермесе, ауылда осы “жұмыстың” бәрі атқарылмай қалар ма еді.

Мен тоқтаған үйде інішектер қой қырқып жатыр екен. Мен бұрыннан қой қырқып жүрген шығар десем, екінші қойы екен.  Жүнін кейін 300 теңгеден өткізеді. Ал ешкінікі бұдан 200 теңгеге қымбатырақ. Тау жақта әлі мыңға жуық қой бар дейді.

Бұрын қой қырыққан үшін қой басына 100 теңге дегенді еститінмін. Қазіргі ставкаларын білмедім. Мынау сол түсірген “видеосымағымыз”. Жұрт қой қырқуды үйреніп жүрсе, біз видео түсіруді үйреніп жүрміз🙂

4 thoughts on “Қой қырқудың ставкасы қанша?

  1. Асхат аға, жігіттеріңіз қойды мен сияқты қырқа алмайды екен. Оның үстіне, қайшысы сәл қолайсыздау екен. Тағы, еңбек қарбаластығында бір қойға екі адам жабылып, жұмыс күшін зая кетірмеу керек бізде. Бір адам бір қой. Хи-хи-хи!!!

  2. :)қалай ұқыпты қырқады! АРБ!

    Қойды асықпай қырықса, іші кеуіп кетеді дейтін ауылда. Қой қырқатындар қарулы, жылдам, ұқыпты болуы керек. Әр кәсіп өзіне көңіл аударуды талап етеді, қызық🙂

  3. Қойдың үстіндегі “көйлегін” жұлым-жұлым жасады гой, тәжірибесіз қырқушы екені бірден байқалады🙂 бұрындары ауылдағы ағамдардың қой қырқығандарын коргенім бар, ол кезде бәрі басқаша еді…қойлардың үстері теп-тегіс, бірқалыпты болушы еді…дегенмен, мұндай бейнекөріністі қаланың “шала қазақ” балаларына жиі көрсетіп тұрса, артықтық етпес🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s